Меню

Страницы

Статья

Жұмыс беруші, электрондық еңбек шартын жасаңыз!

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2020 жылғы 4 мамырдағы заңымен, ҚР ЕК 23-бабы 2-тармақтың 27) тармақшасымен толықтырылды, онда жұмыс берушінің міндетінде қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізу көзделген.

ЕШЕБЖжұмыс берушілерді электрондық еңбек биржасы – www.enbek.kz порталына қосу немесе осы жүйеге кадрлық ақпараттық жүйелері бар кәсіпорындарды қосужолымен еңбек шарттарын тіркеуді болжайды.

Жұмыс беруші ЕШЕБЖ жеке істі қалыптастырады және еңбек шарттың жобасындайындайды. Қызметкер Egov.kz порталда жеке кабинетінде қалыптастырылған еңбек шарты туралы хабарлама алады және еңбек шартының мазмұнын тексеріп, оны ЭЦҚ көмегімен қол қояды.

Жұмыс беруші үшін ЕШЕБЖ пайдалану оң тарап болып табылады: қызметкердің еңбек қызметі, еңбек өтілі және біліктілігі туралы шыңайы деректерді алу; үміткердің электрондық Жеке ісіне қол жеткізу арқылы қызметкерлерді сапалы іріктеу (махинациясыз) (жұмыс беруші қызметкердің жеке деректерін мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен ШЕБЖарқылы сұрай алады); қызметкердің деректерін кейіннен кәсіпорынның кадрлық есебінің ақпараттық жүйесінде шарт жобасын дербес қалыптастыру үшін жұмыс беруші пайдалана алады; әлеуметтік деректер базасында электронды форматта кадрлық ақпаратты жүргізу; болашақта статистикалық есептерді автоматты түрде жіберу және кадр мамандарының қағаз есептік нысандарынан бас тарту мүмкіндігі бар.

Жұмыс берушінің осы жүйеде интеграциялаудан және жұмыс істеуден бас тартуы: еңбек шарттарын есепке алу бойынша қосарланған жұмысқа, еңбек шартының тіркеу деректерін қолмен енгізуге, қызметкердің Жеке ісін қалыптастырудың бонустық сервисіне қолжетімділіктің болмауына әкеп соғады.

Жұмыс берушілер үшін ЕШЕБЖ пайдаланудың негізгі артықшылықтары қағаз құжаттарын жинау қажеттілігінің болмауына байланысты жұмысқа орналастыру процесін оңайлату, шарттың, жарналардың және қорларға аударымдардың болуын бейнелеудің, сондай-ақ жұмыс берушінің қызметкердің алдында міндеттемелерін бекітудің арқасында әлеуметтік тәуекелдерден қорғау болып табылады.

Электрондық шарттарды жүргізу әсіресе өзінің кадрлық жүйесі бар ірі кәсіпорындарға (ЕШЕБЖ интеграцияланған) тиімді. Жұмыс берушіге екі есе іс-әрекеттерті жасау қажеті жоқ: еңбек шартты өзінің 1С жүйесіне енгізу жеткілікті, ол автоматты түрде Бірыңғай есепке алу жүйесінетүседі.

Жаңашылдық қызметкерлердің өзіне де ыңғайлы. Зейнеткерлік жас келген кезде қажетті құжаттарды жинаудың керегі жоқ, зейнатақы ХҚКО келуісіз тағайындалады. 1998 жылдан кейінгі өтіл бойынша деректемелер міндетті зейнеткерлік жарналармен салыстырылатын болады.

Жұмыс берушілерге көмек ретінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жұмыс берушілерге еңбек шарттарын Электрондық еңбек биржасы (www. enbek.kz) порталында тіркеу бойынша нұсқама әзірлеген.

2020 жылы, облыста,ЕШЕБЖ1936 кәсіпорын мен ұйым (кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік органдар) қосылды, 62304 электрондық еңбек шарт тіркелді.

Осыған байланысты, облыс әкімдігініңмемлекеттік еңбек инспекциясы мемлекеттік органдар мен ұйымдардыңбасшыларына, сондай-ақ облыстыңкәсіпкерлік субъектілерінеЕШЕБЖқосылып, еңбек шарттарды электронды форматта жасауға шақырады.

Дата публикации
12 июня 2020
Дата обновления
12 июня 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы