Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Ұзынкөл ауданының пробация қызметі бөлімімен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Ұзынкөл ауданының филиалымен тұрақты негізде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды оқыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізіледі. Бұл жұмыстың нәтижесі Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде қаржылық емес қолдау операторы ретінде "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған "Бастау Бизнес" жобасы бойынша "кәсіпкерлік негіздері"курсын аяқтау туралы сертификат алу болды.
Пробация қызметінің есебінде тұрған барлық сотталғандарға тіркелу үшін келуіне қарай "Атамекен" ҰКП бағдарламалары түсіндірілді, сондай-ақ "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша "Атамекен" ҰКП тегін курстарына бару ұсынылды..
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталушы А.курстан өтуге тілек білдірді. Одан кейін "Атамекен" ҰКП-ға "Бастау Бизнес"курсын қабылдауға тестілеу тапсыру үшін ілесіп жүрді.
Ағымдағы жылдың 10 маусымында сотталған А. "Бастау Бизнес"курсына қабылданды. Курс соңында сотталған А. Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциясын ашуға шағын несие алуды жоспарлап отыр.
Қатысушыларға ерекше шарттар: оқуға үміткерлер жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жаңа бастаған ЖК тіркелу мерзімі 3 жылға дейін.