Меню

Страницы

Статья

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысы

Бүгін коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысын өткіздім.

Карантиндік шараларды сақтау мониторингінің нәтижелері бойынша, сондай-ақ соңғы 7 күн ішінде облыс аумағында КВИ аурушаңдығының өсімі 7% - дан аспағандығы бойынша, 6 кезең аясында а. ж. 8 маусымынан бастап (Жітіқара қаласынан басқа) санитарлық режимді күшейтумен рұқсат етілді:

- Демалыс базаларының, санаторийлердің, профилакторийлердің жұмысы, - Тату-салондар, бильярд, боулинг-орталықтар, караоке барлар,

- Көрмелер жұмысы, - Жергілікті экскурсиялар өткізу,

- Уақыт бойынша шектеусіз қалалық қоғамдық көліктің жұмысы.

Эпиджағдай тұрақтанғанға дейін қызметі тоқтатылған болып қалатынын атап өткім келеді:

- Адамдар көп жиналатын ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша,

- Отбасылық, естелік, әдет-ғұрып және басқа да іс-шаралар, кейтерингтік қызметтер және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету,

- Кинотеатрлар, көрермендерді тамашалауға арналған театрлар, барлық түрдегі ойын алаңдары (аулалардан басқа),

- Түнгі клубтар, компьютерлік және ойын клубтары, кальяндар,

- Букмекерлік кеңселер,

- Аквапарктер, бассейндер,

- Бір мезгілде 20-дан астам келушілер саны бар монша мен сауналар,

- Сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан фуд-корттар, кинотеатрлар, ойын-сауық объектілері және оларда мәдени-бұқаралық бағдарламалар өткізу.

Сондай-ақ, Жітіқара ауданында карантиндік шараларды босаңсыту жөнінде шешім қабылданды.

Облыстың бас санитарлық дәрігеріне тиісті босаңсуды енгізу бойынша шаралар қабылдауды тапсырдым.

Дата публикации
10 июня 2020
Дата обновления
10 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы