Меню

Страницы

Статья

Терезені жабыңыз – үйде нәресте

Жыл сайын жазғы кезеңнің басталуымен балалардың терезеден құлап кету оқиғаларының өсуі байқалады. Жазғы уақыт кезеңінің басталуына байланысты қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында балаларды ашық терезе бөлмелерінде, тіпті қысқа мерзімге қараусыз қалдырмауыңызды талап етеміз.

Облыс аумағында ағымдағы жылдың басынан бері пәтер терезелерінен балалардың 2 құлауы тіркелді. Балалар өте ауыр жарақат алды. Әдетте, ересектердің бақылауы болмаған кезде балалар терезенің жанында тұрған жиһаз заттарын қолданып, терезеге қарсы торға сүйеніп терезеден бірге құлап кету орын алады.

Терезені қауіпсіз жасаңыз! Сіздің балаңыздың сәтсіз өліміне жол бермеңіз! Қарапайым қауіпсіздік шаралары және Сіздің қырағылығыңыз балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі! Әрбір ата-ана балалар үшін қауіпсіз терезелердің қандай болуы керектігін және баланың терезеден немесе балконнан қылап кету қаупін азайту үшін қандай шаралар қолдану керектігін білуі қажет. 

Ата-аналарға арналған жадынама

  • Ата-аналар балаларды қараусыз қалдырғанда құлау жағдайларының көбі орын алады. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз.
  • Баланың терезеге алдына шыға алмауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден ажыратыңыз.
  • Москит торына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған! Керісінше-москит торы жантүршігерлік оқиғаға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Балалар осы торлармен бірге жиі құлап түседі.
  • Мүмкіндігінше, терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
  • Балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін терезеге арнайы бекіткіштерді қойыңыз.
  • Терезе торларын қою арқылы терезелерді қорғаңыз. Торлар балаларды ашық терезеден құлаудан қорғайды. Егер сіз терезенің барлық өлшеміне тор орнатсаңыз, оны өрт болған жағдайда тез ашу тәсілі болуы тиіс!
  • Егер сіз балаға терезеден бірдеңе көрсетсеңіз-оны әрдайым мықты бекітіңіз, баланың өткір қимылдарына дайын болыңыз, алақанын құрғақ ұстаңыз, баланы киімінен ұстамаңыз.

Ұзынкөл ауданының ТЖБ инженері

азаматтық қорғау капитаны                                                 Ж. Бекбаева

Дата публикации
20 июля 2023
Дата обновления
20 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы