Меню

Страницы

Статья

АХАТ функцияларының қызмет көрсету тәртібі өзгермейді

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ бөлімдерінің функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на өтеді. Функциялар берілгеннен кейін қызметтерге өтінімдерді беру, қабылдау және өңдеу тәртібі өзгермейді.
Неке қиюды тіркеуге өтінішті eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн беруге болады. Өтініш неке күніне 15 күн алдын берілуі керек екенін ескеру қажет. Сонымен қатар, жас жұбайлар өтініш берген кезде некені салтанатты түрде немесе әдеттегі түрде қию жолдарын таңдай алады.
Бұдан басқа, АХАТ қызметтерін тіркеуші органның қызметкерлері ғана көрсететін болады. Мемлекеттік корпорацияның басқа қызметкерлері, оның ішінде ХҚКО операторлары АХАТ бөлімінің ақпараттық жүйесіне қол жеткізе алмайды. Айта кетейік, қызмет көрсету әдісі, оларды қарастыру мерзімі мен тәртібі өзгеріссіз қалады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету, атап айтқанда туу мен өлімді тіркеу бойынша қызметтерге төлем ақы алынбайды. Мемлекеттік корпорация ҚҚС төлеуші болып есептеледі. Сондықтан ақылы қызметтердің тарифі қосымша құн салығын ескере отырып белгіленеді.
Естеріңізге сала кетейік, АХАТ органдары тууды, өлімді, неке қиюды және некені бұзу сияқты құжаттарды тіркейді. Бұдан басқа, тіркеуші органдар акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізеді, азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіреді және жояды. Сондай-ақ, бастапқы және қайталама куәліктерді, анықтамаларды электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште шығарады.

 

 

 

 

  

                                                                      Гульнур Кабдыбекова

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша PR-менеджері

 

Дата публикации
30 июня 2023
Дата обновления
30 июня 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы