Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жұмыста пайдалану үшін, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызмет атқаратын бейрезидент заңды-тұлғаның Қазақстан Республикасының көздерінен кірісіне салық салу ережесін жолдаймыз.
25.12.2017ж. №120-VI Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы кодексінің (Салық кодексі) 666-бабының 2-тармағының 2 абзацына сәйкес бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құру фактісі анықталған кезде салық агенті Қазақстан Республикасында бейрезиденттің кірістерін салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес.
Сондықтан, егер бейрезиденттің қызметті Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкелсе, немесе сондай бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тіркелген тұрақты мекемесі болса, онда қосарланған салық салуды болдырмайтын халықаралық шарттың ережелері салық салудан босату бөлігінде, қолданылмайды.
Жекелеген жағдайларда бейрезидент заңды-тұлғаның Қазақстан Республикасының көздерінен кіріске салық салуына қатысты
Салық кодексінің 653-бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді, сондай-ақ Салық кодекстің 651-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген кірістерді төлеуді жүзеге асыратын салық агенті бір мезгілде мынадай:
1) бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесімен, бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесімен филиал, өкілдік ашпай жасасқан келісімшарт болмаған;
2) өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бейрезидент-заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі, бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесі филиал, өкілдік ашпай жазып берген шот-фактура болмаған жағдайларда көрсетілген кірістерден корпоративтік табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды 20 пайыз мөлшерлеме бойынша шегерімді жүзеге асырмай жүргізеді.
Салық кодексінің 651-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің жылдық жиынтық кірісін Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын), осындай тұрақты мекеменің қызметімен байланысты бейрезидент-заңды тұлғаның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің кірістерін қоса алғанда, осы бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе біртектес Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асырудан алатын кірістері құрайды.
Бейрезидент кәсіпкерлік қызметті Қазақстан Республикасындағы өзінің тұрақты мекемесімен бірлесіп орындалатын бір жобаның немесе байланысты жобалардың шеңберінде Қазақстан Республикасында да, оның шегінен тыс жерлерде де жүзеге асыратын жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаға қарамастан әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін кіріс осындай тұрақты мекеменің кірісі болып есептеледі.
Сондықтан, Салық кодексінің 653-бабының 1 тармағындағы шарттар бір мезгілде орындалса, салық агенті көрсетілген кірістерден корпоративтік табыс салығын 20 пайыз мөлшерлеме бойынша есептеу, ұстап қалу және аудару шегерімді жүзеге асырмай жүргізу міндетті.
Сонымен қатар, егер Салық кодексінің 653-бабының 1 тармағының ең болмаса 1 шарты орындалса, келісімшарт бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесімен, бейрезидент-заңды тұлғаның филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекемесімен жасасқан және (немесе) өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша жазып берген шот-фактура болған жағдайда, салық агенті бейрезиденттің кірісіне төлем көзінен ұсталатын салықты салу құқығы жоқ. Сонымен бірге, аталған кірістерге Салық кодексінің 651-бабына сәйкес салық салынады.
Қазақстан Республикасында қызметі тұрақты мекемеге әкелетін бейрезидент заңды-тұлғаның Қазақстан Республикасының көздерінен кіріске салық салуына қатысты
Салық кодексінің 653-бабының 2-тармағына сәйкес Салық кодексінің 76-бабының талаптарын бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен алатын кірістеріне 20 пайыз мөлшерлеме бойынша шегерімдерді жүзеге асырмастан, төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.
Сондықтан, егер бейрезиденттің қызметі тұрақты мекемеге әкелсе, бірақ сондай бейрезидент Салық кодексінің 76-бабының талаптарын бұза отырып салық органында салық төлеуші ретінде тіркелмесе, салық агенті сондай бейрезиденттің кірісіне 20 пайыз мөлшерлеме бойынша шегерімдерді жүзеге асырмастан корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару міндетті.