Меню

Страницы

Статья

Қазіргі уақытта желіде жеке тасымалдаумен айналысатын адамдардың мобильді аударымдарынан бас тартуға және қолма-қол есеп айырысуға көшуге шақыратын ақпарат таратылуда. Осыған байланысты қаржы министрлігі мынаны хабарлайды.

Қазіргі уақытта желіде жеке тасымалдаумен айналысатын адамдардың мобильді аударымдарынан бас тартуға және қолма-қол есеп айырысуға көшуге шақыратын ақпарат таратылуда. Осыған байланысты қаржы министрлігі мынаны хабарлайды.

Салық заңнамасына мобильді аударымдарды пайдалануға қатысты түзетулер жеке тұлғалардың кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильді төлемдерден жеке аударымдарын бөлуге арналған. Олар бизнес қауымдастығымен және банктермен бірнеше рет талқыланды.

Бұл бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті одан әрі дамыту болып табылатынын және қолма-қол есеп айырысуға көшу мақсаттарын ешбір жағдайда көздемейтінін атап өтеміз.

Мемлекеттік кірістер органдарына деректерді беру туралы алаңдаушылық та негізсіз. Өйткені 2022 жылдан бастап банктерден тек кәсіпкерлік шоттарға түсетін төлемдер бойынша мәліметтер алу жоспарлануда. Осылайша, жеке аударымдарға салық салынбайды.

Жеке кәсіпкерге салық салудың қарапайымдылығы үшін бірнеше салық режимі бар, олардың ішінен өзіңізге ыңғайлы режимді таңдауға болады.

Мысалы, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады. Бұл режим жылына 10,3 млн. теңгеден аспайтын табыс кезінде пайдаланылады.

Кассалық аппаратқа қатысты. Қазір бірнеше мобильді қосымшалар бар. Кәсіпкер онлайн кассалық аппараттың мобильді нұсқасын жүктеп алып, оны заңды түрде пайдалана алады.

Ал салық есептілігі e-salyq business қосымшасын енгізумен автоматты түрде қалыптастырылатын болады.

Осы шаралардың барлығы бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, жеке кәсіпкерлер қабылданған мораторий аясында 2023 жылға дейінгі кірістерден салық төлеуден босатылды.

Кәсіпкерлерді арандатушылыққа берілмеуге және уәкілетті органдардың ресми ақпаратын пайдалануға шақырамыз.

Дата публикации
14 декабря 2022
Дата обновления
14 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы