2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мақсатында Жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі.
Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациалау шеңберіндегі декларацияны:
Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.
Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастапзаңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.
Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.
Декларацияны тапсыру мерзімдері
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация тұрғылықты (болатын) жері бойынша ұсынылады:
1) қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда – декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей табыс етіледі;
2) электрондық түрде табыс етілген жағдайда – декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей табыс етіледі.
Декларацияны табыс етудің осы мерзімдері:
Сайланбалы лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары ретінде декларацияны табыс ететін адамдарға қолданылмайды, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға КАНДИДАТТАР болып табылатын адамдарды, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күнгі мәліметтерді, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары болуға тілек білдірген адамдар декларация табыс етілген айдың бірінші күніндегі мәліметтерді көрсетеді.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері
Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), eSalyqazamat мобильді қосымшасы арқылы.
Қағаз жеткізгіште - мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен не пошта арқылы тапсырыс хатпен жіберілед
Ұзынкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы