Қазіргі уақытта жануарлардан алынатын өнімдерді, жемшөп пен жемшөп қоспаларын экспорттау - импорттау (транзит) мақсатында зертханалық сынақтар жүргізу қажет. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалдары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді).
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері.
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде. Диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
Серологиялық зерттеулер бойынша:
классикалық-5 (бес) жұмыс күні ішінде;
иммуноферменттік талдау (ИФА) - 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде (сынамалар жинақталуына қарай);
вирусологиялық зерттеулер-25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде (зерттеу әдістемелеріне байланысты);
молекулалық-генетикалық (ПТР) зерттеулер-20 (жиырма) жұмыс күні ішінде (сынамалар жинақталуына қарай);
бактериологиялық зерттеулер бойынша:
микроскопия-2 (екі) жұмыс күні ішінде;
биологиялық сынама - 70 (жетпіс) жұмыс күні ішінде (зерттеу жөніндегі әдістемелерге байланысты);
паразитологиялық зерттеулер бойынша-3 (үш) жұмыс күні ішінде;
тамақ өнімдерінің, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік көрсеткіштерін айқындау бойынша - 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
тамақ өнімдерін міндетті және қосымша зерттеулер бойынша-1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Сынамаларды алу және оларды зертханаға зерттеуге жіберу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: сараптама актісі (сынақ хаттамасы) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге Аумақтық бөлімшелер арқылы:
1) нысан бойынша өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді аумақтық бөлімшелердің/ЖАО қызметкерлері "электрондық үкімет"шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері: Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен сынамаларды іріктеу тегін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) сараптама актісін (Сынақ хаттамасын) және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың анық установстігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты сараптама актісін (Сынақ хаттамасын) алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Ұзынкөл ауылы, Ғ. Мүсірепов көшесі 25, тел. 2-15-60 мекенжайында орналасқан "Ұзынкөл РТИ КВК және ҚР АШМ Н" ММ-не жүгіну қажет.