Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметтері

Жеке және заңды тұлғалардың назарына "Ұзынкөл РТИ КВК және ҚР АШМ Н" ММ 2 мемлекеттік қызмет көрсететінін жеткіземіз:

Экспорт кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру. Өтініш берілген сәттен бастап көрсету мерзімі 2 жұмыс күні ішінде. Өтініш берген күні дайын сүт, май және балық өнімдеріне ветеринариялық сертификат беру кезінде.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру.

Ветеринариялық сертификат алу үшін өтініш беруші тасымалдау басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күні ішінде тиісті аумақтық бөлімшеге құжаттарды тапсырады.

Ветеринариялық сертификат алу үшін келесі құжаттар қажет:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жануарлардан алынатын өнімді, шикізатты, жемшөпті тасымалдау кезінде (Еуразиялық экономикалық одақ Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінде "*" белгісімен белгіленген өнімді қоспағанда) – сараптама актісінің көшірмесі (сынақ хаттамасы).

Сараптама актісін (Сынақ хаттамасын) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінен салқындатылған етті, тағамдық жұмыртқаларды әкету (экспорттау) үшін оны берген кезден бастап 1 (бір) ай ішінде пайдалануға жол беріледі:

– өндіріс объектісі бекіткен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі келіскен өнімді мониторингтік зерттеу жоспарының (бұдан әрі-мониторинг жоспары) болуы;

- сараптама актісін (Сынақ хаттамасын) оны берген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде пайдалану кезеңінде зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша мониторинг жоспары шеңберінде зерттелетін өнімнің сәйкестігі;

4) иттер мен мысықтарды ауыстыру (тасымалдау) кезінде-ветеринариялық паспорттың көшірмесі;

5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге немесе үшінші елдерге әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне ауыстырылған (тасымалданған) және/немесе республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысқан кезде - ветеринариялық анықтаманың көшірмесі;

6) ветеринариялық сертификат бланкісі үшін төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) меншік құқығында тиісті үй-жайлардың болуын немесе жалдау шартының құқығында тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;

3) ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің төленгенін растайтын құжат.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Ұзынкөл ауылы, Ғ. Мүсірепов көшесі 25, тел. 2-15-60 мекенжайында орналасқан "Ұзынкөл РТИ КВК және ҚР АШМ Н" ММ-не жүгіну қажет.

Дата публикации
08 ноября 2022
Дата обновления
08 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы