2023 жылғы 20 тамызда Ұзынкөл ауданы Троебратское ауылының әкімінің сайлау өтті.
Ұзынкөл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Ұзынкөл ауданы Троебратское ауылының әкімінің сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық сайлау комиссияларының қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1027 азамат енгізілді, оның 697-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 48.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Альдикенова Нургуль Зейнельгабитовна – 35; Кинебаева Жамиля Социаловна – 50, Рахимбаева Назгуль Габитовна – 558.
Троебратское ауылының әкімі болып Назгуль Габитовна Рахимбаева сайланды, 1989 жылы туған, Троебратское ауылында тұратын, Троебратское ауылы әкімінің аппараты бас маманы, Ұзынкөл ауданының Троебратское ауылының әкімі болып тіркеу.
Ұзынкөл аудандық сайлау комиссиясы