«Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1.     Жалпы ережелер

1. «Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет тік есепке алу және есептілікті жүргізуді жүзеге асыратын, сондай-ақ аудандық коммуналдық менш ікті басқару саласында функцияларды басшылықты жүзеге асыратын, Ұзынкөл ауданы әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы функциясын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.  

2. «Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заң намасына сәйкес қазынашылы қоргандарында шоттары болады.

5. «Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде күн сайынғы (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс уакытының ұзақтығы демалу мен тамақ ішіге арналған сағат 13.00-ден 14.30 -ға дейінгі үзілісмен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін белгіленеді.

«Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата публикации
29 июня 2020