1. «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
1) «Ұзынкөл аудандық «Нұрлы жол» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.