2020-2022 жылдарға арналған Ұзынкөл ауданының азаматтық бюджеті

2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2020-2024 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы және мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.

Облыстық және аудандық бюджеттер арасындағы үш жылға арналған бюджетаралық қатынастар Қостанай облыстық мәслихатының 2019 жылғы              18 желтоқсандағы № 455 «Қостанай облысының облыстық бюджеті мен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» шешімімен бекітілген.

Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Ұзынкөл ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімі аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 337 сессиясында бекітілді. 

«Ұзынкөл  ауданының 2020-2022  жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл  аудандық  мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 337 сессиясында бекітілді.

«Ұзынкөл ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы»  аудандық мәслихаттың шешіміне аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 362 сессиясында нақтылау жүргізілді,  2020 жылғы 15 маусымғы  № 386 шешімі.

2020-2022 жылдарға арналған Ұзынкөл ауданының азаматтық бюджеті
Дата публикации
23 июня 2020