Ұзынкөл ауданының Новопокров ауылдық округі әкімінің сайлауын 2020 жылғы 7 шілдеге тағайындау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 36-1-бабы 2-тармағы, 10-тармағы, 36-1-бабы 2-тармағы - тармақшасына сәйкес.

Ұзынкөл ауданының Новопокровка ауылдық округі әкімінің өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына және COVID-19 пандемиясы үшін енгізілген сайлауды өткізуге шектеулерді алып тастауға байланысты Ұзынкөл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұзынкөл ауданының:

1. Ұзынкөл ауданының Новопокров ауылдық округі әкімінің сайлауы 2020 жылғы 7 шілдеге тағайындалсын.

2. Мерзімдері белгіленсін:

1) әкімдікке кандидаттарды ұсыну;

2) әкімдікке кандидаттарды тіркеу;

3. Ұзынкөл ауданының Новопокров ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

4. Сайлау іс-шаралары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Заңына сәйкес өткізілсін.

5. Осы қаулы Ұзынкөл ауданының әкіміне, Ұзынкөл аудандық мәслихатының хатшысына жолдансын.

6. Осы қаулы аудандық "Нұрлы жол"газетінде жариялансын.

Ұзынкөл ауданының Новопокров ауылдық округі әкімінің сайлауын 2020 жылғы 7 шілдеге тағайындау туралы
Дата публикации
05 июня 2020