"Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлімнің құрылтайшысы Ұзынкөл ауданының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.

4. Бөлім Мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті органдарында және банктерде шоттары болады.

5. Жұмыс тәртібі Бастықпен бекітілген Бөлімнің жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

6. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

7. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

8. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

9. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Ғ. Мүсірепов көшесі, 14 үй, индекс 111800

11. Мемлекеттік органның толық атауы: "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі"мемлекеттік мекемесі.

12. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады

13. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

14. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

"Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
Дата публикации
26 мая 2020