
Ағымдағы жылдың 12 қазанында Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оған дайындық және оны өткізу жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.
2026 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына дайындық пен оны өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді.
Осыған байланысты Ұзынкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы отырыс өткізіп, күнтізбелік жоспарды бекітті. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылдың 14 қазанынан 27 қазанына дейін сағат 18:00-ге дейін, ал кандидаттарды тіркеу 14 қазаннан 1 қарашаға дейін сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырылады.