Есеп
Тобыл қаласы Қостанай ауданы әкімі қызметінің 2025 жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы
Халыққа сапалы мемлекеттік қызметтерді ашық әрі тең қолжетімді негізде көрсету Мемлекет басшысы тарапынан мемлекеттік басқару органдарына қойылған басым міндеттердің бірі болып табылады.
2025 жылы «Тобыл қаласы Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі төмендегі 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті:
«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату»;
«Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегіндегі жер учаскесіне құқықтарды алу»;
«Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту»;
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру»;
«Жер учаскесін алуға кезекке қою».
Мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін жеңілдету мақсатында мекемеде өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда қызмет алушылар электрондық қызметтерді өз бетінше немесе маманның көмегімен ала алады.
2025 жылы барлығы 882 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру» — 198 қызмет;
«Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» — 5 қызмет;
«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату» — 24 қызмет;
«Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегіндегі жер учаскесіне құқықтарды алу» — 94 қызмет;
«Жер учаскесін алуға кезекке қою» — 654 қызмет.
Тиісті бөлімдерде орналастырылған ақпаратты өзектендіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерлерде ақпараттық стендтерде орналастырылған.
Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасау шаралары қабылдануда. Мекеме қажетті компьютерлік және оргтехникамен толық қамтамасыз етілген.
2025 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген жария талқылаулар барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласына қатысты ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
Халық арасында мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері туралы ақпарат мекеменің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тұрақты түрде жарияланып отырды.
Жоғары тұрған органдар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына тұрақты түрде ішкі бақылау жүргізіледі.
Өтініш берушілердің құжаттарын қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Тобыл қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру және тиімділікті жоғарылату мақсатында келесі шараларды іске асыру жоспарлануда:
мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласына тартылған мамандардың біліктілігін арттыру.
Тобыл қаласының әкімі З. Комаров