2026 жылғы 15 қазандағы сағат 16:00-де Су ресурстары жәе ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысы Қарабалық ауданының тұрғындарымен кездеседі.
Кездесу аясында Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдайды. Министрге сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды мына поштаға жолдай аласыздар: g.nurmukhanova@minsu.gov.kz
Өтетін орны: Қарабалық кенті, Мира көшесі, 11-үй, С.Қожақұлов атындағы балалар өнер мектебі.
2025 жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарын (бұдан әрі – ЭКЖ) салу бойынша Инвестициялар туралы келісімдер (бұдан әрі – Келісімдер) жасалды. Аталған келісімдер шеңберінде жоғарыда көрсетілген қалаларда электр энергиясына арналған тариф 1 кВт·сағ үшін 55 теңге мөлшерінде белгіленді.
ЭКЖ тетігін енгізудің мақсаты – қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру, полигондарға көмуге жіберілетін қалдықтар көлемін азайту, қалдықтарды кәдеге жарату саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және соның нәтижесінде қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету.
Бүгінгі таңда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары Еуропаның көптеген елдерінде, Корея Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Жапонияда және басқа да мемлекеттерде табысты іске асырылуда.
Қазақстан Республикасында іске асырылатын жобалар Еуропалық Одақтың өнеркәсіптік шығарындылар жөніндегі директивасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, бұл атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларын барынша азайтуды қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты қазіргі уақытта облыс орталықтарында әлеуетті инвесторлармен жоғарыда көрсетілген шарттарға ұқсас талаптар негізінде тікелей инвестициялар туралы келісімдер жасасу мәселесі қарастырылуда.
Қостанай облысының әкімдігі Қостанай облысының аумағында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобаларын іске асыруға ниет білдірген және дайын әлеуетті инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға және бастамаларды жан-жақты пысықтауға дайын екенін білдіреді.
Бүгін Балық шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған спартакиада өтті!
Бұл – спортқа, командалық рухқа, жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл күйге толы күн болды. Осындай іс-шаралар адамдарды біріктіріп, жаңа жетістіктерге шабыттандырады және бірліктің – ең үлкен күш екенін тағы бір дәлелдейді.
Осы ұмытылмас күн үшін барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз!
Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қостанай облысы бойынша Экология департаментімен және Жітіқара ауданы әкімдігімен бірлесіп мердігер ұйым өкілдері мен жұртшылықтың қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында «Иловая гора» техногендік минералдық түзілімін рекультивациялау жобасын іске асыру мәселелері, жұмыстардың орындалу барысы, сондай-ақ белсенді азаматтар тарапынан түскен ұсыныстар мен ескертулер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жобаны одан әрі іске асыру бойынша алдағы қадамдар айқындалды.
🌿 6 маусым күні Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы Гагарин бөгетінде өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, су айдындарының тазалығын сақтауға және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.
Акцияға қатысқан барлық тұрғындарға, еріктілерге және ұйым өкілдеріне алғысымызды білдіреміз. Бірлескен күш-жігердің арқасында өңірімізді таза әрі өмір сүруге қолайлы ете аламыз.
💚 Табиғатқа жанашырлық әрқайсымыздан басталады!
«Өзіңнен баста» экологиялық челленджі
🌿 5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
«Өзіңнен баста» экологиялық челленджі аясында әркімді қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуға шақырамыз.
Экология қарапайым күнделікті әрекеттерден басталады: қоқыстарды алып тастау, артық пластиктен бас тарту, су мен энергияны үнемдеу, ағаш отырғызу немесе аумақты абаттандыруға қатысу.
♻️ Таза және сау ортаға қарай кішкене қадам жасаңыз:
✅ үйдің жанында немесе жұмыс орнында тәртіп орнатыңыз;
✅ ағаш немесе гүл отырғызыңыз;
✅ қайта өңдеу үшін қалдықтарды сұрыптаңыз;
✅ қайта пайдалануға болатын Сөмкелер мен бөтелкелерді пайдаланыңыз;
✅ экологиялық әрекетіңізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.
Әрбір игі іс болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтауға көмектеседі.
♻️ 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында Қостанай облысында табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін дамытуға және айналмалы экономиканың қағидаттарын насихаттауға бағытталған бірқатар маңызды экологиялық іс-шаралар өтті.
Аталған күні Қостанай қаласында бірінші рет қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу шеберханасы ашылды, сондай-ақ №19 жалпы білім беретін мектеп базасында Қостанай облысындағы алғашқы велошредер орнатылды. Бұл мектеп өзін экологиялық бағыттағы білім беру ұйымы ретінде танытып, өңірдегі барлық экологиялық бастамаларға белсенді қатысып келеді.
Сонымен қатар, халықаралық экологиялық акция аясында «жәндіктерге арналған үйлерді» орнату бойынша ауқымды шара өтті. Бүгін олар Қостанай облысының барлық аудандары мен қалаларында орнатылды.
Аталған акция биоалуантүрлілікті сақтау, тозаңдандырғыш жәндіктерді қолдау және халық арасында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.
Бұл бастамалар «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға және өңірдегі экологиялық мәдениетті дамытуға маңызды үлес қосады. 🌿
♻️ Эколог күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ТҚҚ-ны бөлек жинау және қайта өңдеу саласында қызмет атқаратын «Атамекен 4+» ЖШС мен «Қостанай резеңке-техникалық қалдықтары» ЖШС кәсіпорындарына пресс-тур ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау және қайта өңдеу үдерістерімен танысып, қалдықтарды көму көлемін азайтудың заманауи тәсілдері және кәсіпорындардың өңірдің экологиялық саясатын іске асыруға қосып отырған үлесі туралы ақпарат алды.
Шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, экологиялық жауапты мінез-құлықты насихаттау және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы үздік тәжірибелерді көрсету болды.
Экология мәселелеріне бейжай қарамай, іс-шараға қатысқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне алғысымызды білдіреміз.
#ЭкологКүні #ҚоршағанОртаныҚорғауКүні #Қостанай #Экология #ҚалдықтардыҚайтаӨңдеу #БөлекЖинау #ТазаҚазақстан
Басқарма Қостанай облысының Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерінің қатысуымен қызметкерлермен интернет-алаяқтық мәселелері бойынша профилактикалық семинар өткізді.
Іс-шара барысында онлайн-алаяқтықтың негізгі схемалары, күдікті қоңыраулар мен хабарламаларды тану тәсілдері, сондай-ақ дербес деректерді қорғау және қаржылық қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
Қызметкерлерге қырағылықтың маңыздылығы, құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу және күдікті хабарламалар мен қоңырауларды тексеру қажеттілігі туралы ескертілді.