"Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі, ҚР Экологиялық кодексінің 96 бабының талаптарына сәйкес, 07 желтоқсан күні 11 сағ 00 мин, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік, 85, 30-каб. мекенжайы бойынша ашық жиналыс нысанында «Қостанай облысы «Асфальтбетонды төсемнен жасалатын жермен жүру жолын қамтитын жедел тұрғызылатын ангарды және авиациялық қызметтің 2 бірлік авиациялық техникасына арналған тұрақ орнын салу» жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін қарау бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды.
Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ сайтында танысуға болады.
Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдауларды өкізу күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ Қостанай Қ, Тәуелсіздік көш., 72 мекенжайы бойынша, эл.мекенжай i.biktamanov@kostanay.gov.kz, тел. 8 (7142) 54-01-66, «Қостанай облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ-де қабылданады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме Бірыңғай экологиялық порталда сайтында ұсынылатын болады.
Қосымша ақпаратты mbimakova@mail.ru мекенжайы бойынша және 87768002512 телефондары арқылы алуға болады
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
08.11.2021 / Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы