«Қостанай-Су» МКК Қостанай облысы, Қостанай қаласы ауданында орналасқан «Қостанай қаласы Абай даңғылы, 19 мекен жайындағы су берудің екінші көтерілімі аумағындағы 5 000 м3 резервуарды (сүзгілер мен тұндырғыштар блогы, №2 сорғы станциясы, 10 000 м3 резервуары) реконструкциялау» объектісін жобалау бойынша «Қоршаған ортаны қорғау» бөліміне қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Аумағына ықпал ету мүмкін болатын және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Қостанай облысы, Қостанай қаласы.
Тыңдау 22.10.2021 ж. сағат 11.00-де Абай даңғылы, 19, қостанай қ., Қостанай облысы мекен жайы бойынша өтеді. Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Бастамашы – «Қостанай - Су» МКК, тел.8-714-2-22-14-59.
Жобаны әзірлеуші «Промстройпроект» ЖШС, Пивоваров Александр, тел.8 (777) 376-33-44, эл.мекен жай: xprojects@mail.ru
Порталға сілтеме: https://ecoportal.kz/Public/PubHearings/Edit/219
Қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде межеленіп отырған қызмет туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ межеленіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін e-mail: xprojects@mail.ru эл.мекен жайы және 8-777-376-33-44 телефон нөмірі бойынша сұратуға болады.
ЖАО жұртшылықтың қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге жауапты – «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Қостанай қ, Тәуелсіздік к, 72 үй, тел.: 8 (714 2) 54-61-66, электрондық мекенжайы: i.biktamanov@kostanay.gov.kz
Хабарландыру фотосы сайтта орналастырылады https://ecoportal.kz