"Казводхоз" РМК Қостанай филиалы Қостанай облысы Жангелдин ауданының «Албарбөгет» бөгетін қайта жаңарту жобасы бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау бөлімін қарау бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты ЖАО:" Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы " ММ, тел.8 (7142) 54-61-66.
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі Орган - "Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"ММ.
Тапсырыс беруші - "Қазсушар" РМК, тел.8 (7142) 57-42-54.
Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу - "Eco Engineering" ЖШС, тел.8 (7242) 70-03-08.
Тыңдаулар 28.05.2021 ж. сағат 11: 00-де онлайн режимінде, Видеоконференцбайланысы арқылы өтеді, тыңдауларға қатысу үшін ZOOM қосымшасын жүктеу және сілтеме бойынша өту қажет: https://us04web.zoom.us/j/4164191422?pwd=d0tMRWxzdEpTbi9GT29PZEVxd0lLQT09
Конференция индификаторы: 416 419 1422.
Кіру коды: 9jhM8g.
Жоба бойынша құжаттама сайтта орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar?lang=ru
Қағаз тасығыштағы жобалар материалдарымен мына мекенжай бойынша танысуға болады: Қостанай қаласы. Ш.Шаяхметов көшесі №117.
Жоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Е-mail почтасына қабылданады: kvodhoz65@mail.ru анықтама телефоны: 8 (7142) 57-42-54.