«Атыгай Голд Майнинг» ЖШС Қазақстан Республикасының Қостанай облысындағы Атығай кен орнында (Солтүстік учаске) кен өндіру бойынша Тау-кен жұмыстарының жоспарына «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» тарауын қарастыру бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдауларды өткізеді.
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру үшін жауапты ЖАО: «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, тел. 8(714 2) 54-61-66.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізу жөніндегі орган – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті.
Тапсырыс беруші – «Атыгай Голд Майнинг» ЖШС, тел. 8 (714 35) 2-59-44
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші - «Эко – Консалтинг» ЖШС, тел. 8 (7142) 50-25-39
Тыңдаулар 2021 жылғы 3 маусымда сағат 11.00-де Zoom платформасындағы бейнеконференция арқылы онлайн режимінде өтеді.
https://zoom.us/j/92267461407?pwd=aEpmaTVpbi9ZczZWb05hK1NLd05ZUT09
Конференция сәйкестендіргіші: 922 6746 1407
Қолжеткізу коды: 4MysSV
Жоба бойынша құжаттама kostanay-priroda.kz сайтында орналастырылған.
Қағаз тасығыштағы жобаның материалдарымен Қостанай қ., Павлов көш., 64 мекенжайы бойынша танысуға болады.
Мүдделі жұртшылықтың жоба құжаттамасына ескертулері және (немесе) ұсыныстары (болған жағдайда) қоғамдық тыңдаулар өтетін күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады: Office@atgm.kz.
Телефон бойынша анықтамалар: 8 771 09 44 322.