1) Қызмет көрсетуші туралы мәлімет.
«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары, қоршаған орта және жануарлар мен өсімдік дүниесінің өзге де объектілерін қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызмет атқаратын, облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік орган болып табылады.
Басқарманың құрылымы ведомстволық бағыныстағы 11 мемлекеттік мекемеден тұрады.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы мәлімет.
Басқарма 8 қызмет көрсетеді:
1. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру.
2. II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру.
3. II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру.
8 мемлекеттік қызметті тікелей Басқарма көрсетеді, бір «Ағаш кесу және орман билетін беру» деп аталатын мемлекеттік қызметті Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары жүзеге асырады.
6 мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде және 2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет- «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» және «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» қызметі - ақылы/тегін негізде жүзеге асырылады.
2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 4235 құрады, оның ішінде электронды түрде - 3477, қағаз түрінде - 758, бұл электронды түрде көрсетілген қызметтердің жалпы санының 82,1% құрайды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Басқарма қызметкерлері «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңын және бекітілген стандарттарды басшылыққа алады.
Өтініштердің болмауына байланысты, 2020 жылы 2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет талап етілмеді:
3) Ең талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Жүргізілген сараптама негізінде 2020 жылғы ең талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
- Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру;
- II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру.
- II, III және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру.
- Ағаш кесу және орман билетін беру.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәлімет.
Халықты ақпараттандыру мақсатында, Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтер тәртібі туралы өзекті ақпарат мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында, Instagram Feesbuk, в Контакте әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ ақпараттық тақтада, жалпыға бірдей шолу үшін қол жетімді орындарда орналасқан. «Алау» телеарнасында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бейнероликтер шығарылды. Сондай-ақ, Басқарма брошюралар, буклеттер әзірленді.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізіледі. Осыған байланысты, Басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасы электрондық үкіметінің e.gov.kz порталында, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын әзірлеуге жауапты орталық мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында стандарттар жобаларын тұрақты негізде талқылау мүмкіндігіне қатысты қызмет берушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, стандарттар жобаларына толықтырулар, немесе өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар Басқармаға түспеген.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстар, семинарлар, кездесулер, сұхбат алу және басқалары).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру мақсатында, Басқарма қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы түрлі іс-шараларға (семинарлар, дөңгелек үстелдерге, кеңестерге және т.б.) белсенді түрде қатысады. Сонымен қатар, қызмет алушылар жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процедурасы жөнінде білікті кеңес алады. Сондай-ақ, Басқарма 2021 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар өткізуді жоспарлар отыр.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтің 8 автоматтандырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электронды түрде беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 8 түрінің барлығы оңтайландырылған – көрсету мерзімі қысқартылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қажетті құжаттар пакеті азайтылған және т.б. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері, олардың көрсетілу сапасына оң әсерін тигізеді –мемлекеттік қызметтер көрсету процесі жеңілдетіледі және жылдамдатылады, әкімшілік кедергілер қысқарады.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін көтеруге бағытталған шаралар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты Басқарма қызметкерлері тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік нұсқаулықтарды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын зерделеу арқылы өз білімін жетілдіруде. Бейнеконференцбайланыс арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатында, Басқармада 2020 жылдың 14 тамызында ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді. 2020 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру мақсатында, 29565 тұрғынды қамтуымен 38 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Сонымен бірге, 2021 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Департаментінің өкілдерін тарта отырып, қолданыстағы заңнаманы зерделеу бойынша бірқатар іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, кеңестер, семинарлар және т.б.) өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, кестеге сәйкес, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық қазыналық кәсіпорнының филиалында қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарда бар.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Сонымен, 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 «Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы 2020 жылғы 01 маусымдағы № 128 ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің редакцииясында жазылды, «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» және «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 367 «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы 2020 жылғы 18 мамырдағы №110 ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің редакцииясында жазылды, «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру», «Алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 323 «Көмірсутек шикізаты мен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және «Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығымен «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» және «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы кепілдігі шартын тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 367 «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы 2020 жылғы 18 мамырдағы №110 ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің редакцииясында жазылды, «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру», «Алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» бұйрығы 2020 жылғы 26 тамыздағы № 203-ө ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің редакцииясында жазылды, «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілді.
1) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы ақпарат.
Есептік кезеңде, Басқарма ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижелері.
Қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен ескертулердің болмауы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті орган өткізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылаудың нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, Басқарма ай сайын Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін ішкі мемлекеттік бақылау жұмысы туралы есеп ұсынады.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі есептік кезеңде жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету Басқармасының әрі қарайғы тиімді жұмысын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру мақсатында 2021 жылы жоспарланып отыр:
- қолданыстағы заңнаманы соның ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Департаментінің өкілдерін тарта отырып, зерделеуге бағытталған іс-шаралар өткізу;
- мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету жөнінде қажетті шараларды қабылдау;
- Басқарма ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсету процедурасы туралы қызмет алушыларға ақпарат беру жұмыстарын тұрақты негізде өткізу;
- кестеге сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарды біліктілікті көтеру курстарына жіберу;
- осы есепке жария талқылау өткізу;
- Басқарма басшысы бекіткен 2021 жылға арналған жоспарда көзделген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі шараларды уақытылы жүзеге асыру.