Бірінші. Мемлекет басшысының тапсырмаларын, оның ішінде оның 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша мынадай заңнамалық өзгерістер қарастырылған.
Қылмыстық кодекстің 72-бабына (бұдан әрі - ҚК) енгізілген түзетулерге сәйкес, шартты түрде мерзімінен бұрын босату (бұдан әрі - ШМБ) ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.
Тек екі жағдайда ерекшелік бар:
- әлеуметтік қорғалатын азаматтардың осындай қылмыстар жасауы (жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, 58 жастағы және ол жастан асқан әйелдер, 63 жастағы және ол жастан асқан еркектер, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер).
- ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған сотталған адамдардың осындай қылмыстар жасауы.
Залалды өтеу және бас бостандығынан айыру орындарында жазаның болмауы жағдайында, аталған санаттағы азаматтар іс жүзінде өтегеннен кейін ғана шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
- ауыр жемқорлық қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысы;
- аса ауыр жемқорлық қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісi.
Бұрын қолданыста болған нормаларға сәйкес, жоғарыда аталған әлеуметтік қорғалатын азаматтардың санаттары ауыр жемқорлық қылмыс үшiн жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бірін және аса ауыр жемқорлық қылмыс үшiн жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын өтеп, ШМБ талап еткендігін атап өткен жөн.
Яғни, Заң халықтың әлеуметтік қорғалатын топтары үшін де сыбайлас жемқорлыққа жауапкершілікті күшейтеді.
Ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған, ШМБ құқылы адамдарға келетін болсақ, оларды кінәні мойындау туралы келісім жасасқан адамдармен шатастыруға болмайды.
ҚПК 612-бабына сәйкес процестік келісімнің екі түрі бар:
1) онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда – кінәні мойындау туралы мәміле нысанында;
2) қылмыстық топ жасаған қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал ету кезінде барлық санаттағы қылмыстар бойынша ынтымақтастық туралы келісім нысанында жүргізіледі.
Заң ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарға қатысты ШМБ қолдануға мүмкіндік беретін норма қарастырылған, яғни тек екі негізде жасалуы мүмкін процестік келісімнің екінші түрі:
1) біліктілік белгісі болған кезде - қылмыстық топта қылмыс жасау (ҰҚТ);
2) сыбайлас жемқорлық қылмыстарының аса ауыр қылмыс құрамы бойынша (ҚК сәйкес - бұл ҚК 366-бабының төртінші бөлігі (аса ірі мөлшерде пара алу), ҚК 367-бабының төртінші бөлігі (аса ірі мөлшерде пара беру), сондай-ақ ҚК 450-бабының үшінші және төртінші бөліктері, ҚК 452-бабының төртінші бөлігі бойынша әскери қылмыстардың үш құрамы.
ҚК 46-бабының («Бас бостандығынан айыру») бұрынғы қолданыстағы редакциясына сәйкес, сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандар қылмыстың ауырлығына қарамастан, сот оны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде (қоныс-колониялары деп аталатын) өтеуге жібере алатын еді.
Жемқорлар үшін мұндай артықшылықты қызмет, қарапайым қылмыстары үшін сотталғандардан айырмашылығы, жазасын қоныс-колонияда өтеу үшін кем дегенде екі жыл жабық типтегі түзеу мекемелерінде өткізуі керек, бұл кейбір сындарды туғызды және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейтін жұмсақ қатынасы туралы тұрақты қоғамдық пікір қалыптастырды.
Енді пара алушылықтың ауыр құрамы үшін сотталғандар, ал олар айтарлықтай (50-ден 3000 АЕК дейін) және ірі (3000-нан 10000 АЕК дейін) мөлшерде пара алуы және беруі, құқық қорғау органының қызметкері немесе судьялардың пара алуы, парамен бірнеше рет делдал болу жазаны қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемелерінде өтеуге жіберілетін болады, ал аса ірі мөлшерде пара алған немесе берген адамдар (10000 АЕК жоғары) – қауіпсіздігі жоғары ҚАЖ мекемелеріне жіберіледі.
Ал қоныс-колонияға ауысу үшін, енді аталған адамдар келтірілген зиянды өтеумен, үлгілі мінез-құлықпен қатар, қауіпсіздіг орташа немесе жоғары деңгейдегі үзеу мекемелерінде тағайындалған жазаның бір бөлігін өтеуі қажет.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларының сыбайлас жемқорлық үшін қатаң жазалануы ҚК 361, 364, 365, 366, 369 және 370-баптарына біліктілік белгілерін енгізу арқылы жүзеге асырылды
- «құқық қорғау органы қызметкерінің сыбайлас жемқорлық жасаған іс-әрекеттері»;
- «құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья жасаған іс-әрекеттер» неғұрлым ауыр жазамен.
Қылмыстық кодекстің 361-бабы («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») туралы:
Мәселен, Қылмыстық кодекстің 361-бабының бірінші бөлігі бойынша мемлекеттік қызметшілер, лауазымды адамдар, оның ішінде құқық қорғау органы қызметкері үшін санкция 2 жылға дейінді құрады, енді 2-1 бөлігінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін бөле отырып, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған жағдайда, полиция қызметкері, БП, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің немесе ЭТҚ қызметкері 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаға тартылады.
Қылмыстық кодекстің 361-бабының үшінші бөлігіне сәйкес жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдардың (оның құрамына Парламент депутаттары, судьялар, мемлекеттік саяси қызметшілер және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері кіреді) лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі санкцияны қарастырылған.
Түзетулерге сәйкес құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдарға (бірінші басшылар, олардың орынбасарлары) және судьяларға қатысты санкция 7 жылға дейін ұлғайтылды.
Тиісінше, Қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша құқық қорғау органдарының саяси мемлекеттік қызметшілері мен судьялары жасаған қылмыс ауыр қылмыстар санатына жатқызылады, ол өз кезегінде:
- «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес, прокурордың санкциясымен күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын (бұдан әрі - АЖІІ) (адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау; жасырын бақылау, электр (телекоммуникация) байланысының желілері арқылы берілетін ақпаратты ұстап алу және алу және т.б.) өткізуге мүмкіндік береді.
- ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарға ШМБ тыйым салудың енгізілуіне сәйкес, аталған адамдарды ШМБ бойынша босату мүмкіндігінен айырады.
Қылмыстық кодекстің 364-бабына («Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу») қатысты:
Қылмыстық кодекстің 364-бабының бірінші бөлігі бойынша мемлекеттік қызметшілер, лауазымды адамдар, оның ішінде құқық қорғау органы қызметкерлері үшін санкция 1 жылға дейінді құрады, енді 2-1 бөлігінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін бөле отырып, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқан жағдайда, полиция қызметкері, БП, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің немесе ЭТҚ қызметкері 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаға тартылады.
Құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдарға (бірінші басшылар, олардың орынбасарлары) және судьяларға қатысты санкция 4 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды.
Қылмыстық кодекстің 365-бабына («Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау») қатысты:
Қылмыстық кодекстің 365-бабында құқық қорғау органы қызметкерлеріне қатысты жоғары санкция 2 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды.
Құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдарға (бірінші басшылар, олардың орынбасарлары) және судьяларға қатысты санкция 7 жылдан 8 жылға дейін ұлғайтылды.
Сонымен қатар, осы бап бойынша сотталған кез-келген мемлекеттік органда жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдар және судьялар ШМБ-ға тыйым салу және жазаны дереу қоныс-колонияда өтеу түрінде салдары болады.
Қылмыстық кодекстің 366-бабына («Пара алу») қатысты:
Жазаны қатаңдату туралы заңнамалық маңызды түзетулердің бірі Қылмыстық кодекстің 366-бабына енгізілген түзетулер болып табылады, ол ең «көп жүретін» бап болып табылады.
Сонымен, баптың бұрын қолданыста болған редакциясына сәйкес, салынған санкция мөлшері атқарған лауазымына тәуелді болған жоқ. Санкциялардың градациясы тек параның мөлшеріне байланысты болды (қарапайым пара, айтарлықтай мөлшердегі пара, ірі мөлшердегі пара, аса ірі мөлшердегі пара).
Заңмен Қылмыстық кодекстің 366-бабы жаңа 1-1-бөліммен толықтырылды, онда құқық қорғау органының қызметкері, құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья пара алғаны үшін санкциялар қарастырылған.
Бірінші бөлімнен айырмашылығы, оған сәйкес барлық сыбайлас жемқорлық субъектілері үшін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғарғы санкция 5 жылға дейінді құрайды (ауырлығы орташа қылмыс), 1-1 бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғарғы санкция 6 жылғы дейінді құрайды.
Тиісінше, қазір құқық қорғау органының қызметкері немесе судьяның қарапайым пара алуы (50 АЕК кем) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы болып саналады, ал аталған әрекетті басқа санаттағы мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың жасауы ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.
Өз кезегінде, қарапайым пара алуды ауыр санатқа ауыстыру судьялар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін маңызды құқықтық салдарға әкеп соқтырады:
- «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес, күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты АЖІІ өткізуге мүмкіндік береді;
- ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарға ШМБ тыйым салудың енгізілуіне сәйкес, аталған адамдарды ШМБ бойынша босату мүмкіндігінен айырады.
- ҚК 46-бабына («Бас бостандығынан айыру») енгізілген түзетулерге сәйкес, жазаны қауіпсіздігі төмен мекемесінде (қоныс-колонияларында) өтеуге мүмкіндікті жояды.
Тиісінше, ШМБ тыйым салу және жазаны дереу қоныс-колонияда өтеу түріндегі салдарларға Қылмыстық кодекстің 366-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктері бойынша сотталған адамдар ие болады.
ҚК 369 және 370-баптарына қатысты:
Қылмыстық кодекстің 369 (Қызметтiк жалғандық жасау) және 370 (Қызметтегі әрекетсіздік) баптарында құқық қорғау органы қызметкерлеріне қатысты жоғары санкция 2 жылдан 3 жылға дейін ұлғайтылды.
Құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдарға (бірінші басшылар, олардың орынбасарлары) және судьяларға қатысты санкция 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайтылды.
Тиісінше, Қылмыстық кодекстің 369 және 370-баптарында көзделген, құқық қорғау органдарының саяси мемлекеттік қызметшілері және судьялар жасаған қылмыс ауыр қылмыстар санатына өтеді, ол өз кезегінде:
- «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес, күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты АЖІІ өткізуге мүмкіндік береді;
- ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарға ШМБ тыйым салудың енгізілуіне сәйкес, аталған адамдарды ШМБ бойынша босату мүмкіндігінен айырады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының пара берушілер мен делдалдардың пара беру кезіндегі жауапкершілігін күшейту туралы тапсырмасын орындау мақсатында, 367-бабында (Пара беру) және 368-бабында (Парақорлыққа делдал болу) санкцияларды күшейту қарастырылған.
Қылмыстық кодекстің 367-бабына («Пара беру») қатысты:
Қылмыстық кодекстің 367-бабының бірінші бөлігі бойынша ең жоғарғы жаза 3 жылдан 5 жылға дейін, ал осы баптың екінші бөлігі бойынша (айтарлықтай мөлшерде пара беру) 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайтылды.
Осылайша, айтарлықтай мөлшерде пара беру ауыр қылмыстар санатына өтеді, ол өз кезегінде:
- «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес, күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты АЖІІ өткізуге мүмкіндік береді;
- ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарға ШМБ тыйым салудың енгізілуіне сәйкес, пара берушілерді ШМБ бойынша босату мүмкіндігінен айырады.
- ҚК 46-бабына («Бас бостандығынан айыру») енгізілген түзетулерге сәйкес, жазаны қауіпсіздігі төмен мекемесінде (қоныс-колонияларында) өтеуге мүмкіндікті жояды.
Тиісінше, ШМБ тыйым салу және жазаны дереу қоныс-колонияда өтеу түріндегі салдарларға Қылмыстық кодекстің 367-бабының 3 және 4 бөліктері бойынша сотталған адамдар ие болады.
Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 367-бабының барлық бөліктерінде еселенген айыппұл мөлшері ұлғайтылды.
Анықтама үшін:
бірінші бөлім: «параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшерге дейін» болды, енді «параның 20 еселенген мөлшерінен 30 еселенген мөлшерге дейін»;
екінші бөлім: «параның 20 еселенген мөлшерінен 30 еселенген мөлшерге дейін» болды, енді «параның 30 еселенген мөлшерінен 40 еселенген мөлшерге дейін»;
үшінші бөлім: «параның 30 еселенген мөлшерінен 40 еселенген мөлшерге дейін» болды, енді «параның 40 еселенген мөлшерінен 50 еселенген мөлшерге дейін»;
төртінші бөлім: «параның 40 еселенген мөлшерінен 50 еселенген мөлшерге дейін» болды, енді «параның 50 еселенген мөлшерінен 60 еселенген мөлшерге дейін»;
Қылмыстық кодекстің 368-бабына («Парақорлыққа делдал болу») қатысты:
Қылмыстық кодекстің 368-бабының бірінші бөлігі бойынша ең жоғарғы жаза осы баптың екінші бөлігі бойынша 2 жылдан 3 жылға дейін ұлғайтылды (Бірнеше рет жасалған не қылмыстық топ немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған парақорлыққа делдал болу) қолданыстағы санкция сақталды - 6 жылға дейін.
Сонымен қатар, 368-баптың екі бөлігінде де еселенген айыппұл мөлшері ұлғайтылды.
Анықтама үшін:
бірінші бөлім: «параның 5 еселенген мөлшерінен 10 еселенген мөлшерге дейін» болды, енді «параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшерге дейін»;
екінші бөлім: «параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшерге дейін» болды, енді «параның 20 еселенген мөлшерінен 30 еселенген мөлшерге дейін»;
Осылайша, Қылмыстық кодекстің 368-бабының екінші бөлігі бойынша жасалған іс-әрекет қазір де ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы болып табылады.
Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 368-бабының 2-бөлігі бойынша сотталған адамдар ШМБ тыйым салу және жазаны дереу қоныс-колонияда өтеу түріндегі салдарларға ие болады.
Қарастырылып отырған шектеулер қолданылатын адамдар лауазымға тағайындалған күннен бастап 6 ай ішінде, ал қазіргі мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары және судьялар (бұдан әрі - мемлекеттік қызметшілер) Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап (31.12.2020ж. бастап) 6 ай ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі бар шоттарды жабуға міндетті.
Сонымен қатар, Заңда мемлекеттік қызметшілердің шетелдік банктерде шоттары болуға құқығы бар жағдайлар анықталған, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне, өкілдіктеріне және халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, шетелде білім алатын, немесе шетелде тағылымдамадан өтетін, немесе шетелдік іссапарда жүрген, немесе шетелде емделіп жатқан адамдарға немесе кәмелеттік жасқа толмаған баланың заңды өкілі ретінде не кәмелеттік жасқа толған адамның қорғаншысы немесе қамқоршысы ретінде мемлекеттік қызметшінің немесе тиісті адамның шетелде оқуы не емделуі кезеңінде шетелде болатын адамдар болса, шетелдік банктердегі шот немесе қолма-қол ақша және басқа құндылықтар мұраға қалған кезде.
Тиісті жағдайлар тоқтатылған күннен бастап 6 ай ішінде (мысалы, шетелдік іссапардан, оқудан қайтқан күннен бастап) немесе мұраны қабылдаған күннен бастап мемлекеттік қызметші шетелдік банктегі шотты жабуға және (немесе) шетелдік банкте қолма-қол ақшаны және құндылықтарды сақтауды тоқтатуға міндетті.
Егер мемлекеттік қызметші шет мемлекетінің құзыретті органдары қолданған тыйым салуға байланысты немесе дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай сияқты жағдайларға байланысты шотты жаба алмаса, шот тыйым салудың қолданылуы тоқтатылған немесе өзге де мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап 6 ай ішінде жабылуы тиіс.
Сонымен қатар, егер мемлекеттік қызметші шетелдік банктегі шотты жапқысы келмесе және мемлекеттік қызметтен кетуге ниетті болса, онда ол шотты белгіленген мерзімде жабу үшін өз қалауы бойынша жұмыстан босату туралы өтініш беруге құқылы.
Бұл норма мемлекеттік қызметшіні теріс себептер бойынша жұмыстан шығаруға жол бермеуге бағытталған, өйткені қолданыстағы тәртіп бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай-да бір шектеулердің сақталмауы теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатуға әкеп соғады.
Екінші. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа орналастыруға жол берілмейтіні бекітілген.
Осы түзету енгізілгенге дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамға квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымға ғана қабылдауға тыйым салынған болатын.
Осылайша, қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам квазимемлекеттік сектордың кез-келген ұйымына кез-келген лауазымға қабылданбайды.
Сонымен қатар, Еңбек кодексінің 52-бабы 1-1-тармақпен толықтырылған, оған сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің жұмыскері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда жұмыскермен еңбек шарты бұзылуға жатады.
Сондай-ақ, Еңбек кодексінің 53-бабының 12-тармағына сәйкес, Еңбек Кодекстің 52-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу:
1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы соттың заңды күшіне енген қаулысы немесе қылмыстық қудалау органының прокурор бекіткен қаулысы негізінде жүргізіледі.
Осылайша, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған квазимемлекеттік сектордың қызметкерімен еңбек қатынастарын тоқтату үшін негіз, тек сот үкімі ғана емес, сонымен қатар ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату болып табылады.