Меню

Страницы

Статья

Су ресурстары

Су ресурстар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, әкімдіктің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Басқарма туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Осыған орай, бөлім:

  1. Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалардың түсуіне қарай бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша су қорғау аймақтарын, су объектілерінің белдеулерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі қаулының жобасын әзірлейді және жергілікті атқарушы органға ұсынады.
  2. Қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органға бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен келісім бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді.
  3. Жыл сайын бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі бассейндік бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады.
  4. Жыл сайын жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын әзірлейді.
  5. Өтініштердің түсуіне қарай заңда белгіленген тәртіппен су пайдалануды міндетті тіркеуді жүргізеді.
  6. Тиісті аумақтардағы су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.
  7. Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерге қатысады.
Дата публикации
09 июля 2025
Дата обновления
19 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
14 января 2026
Баспасөз релиздері
Азаматтардың өтініштеріне шолу
08 января 2026
2025 жылдың 4 тоқсанында заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне шолу
Азаматтардың өтініштеріне шолу
02 октября 2025
2025 жылдың 3 тоқсанын заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне шолу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы