Меню

Страницы

Статья

Орман шаруашылығы және өсімдектер әлемі бөлімі

Міндеті: ормандарды күзетуді, қорғауды, өсiмiн молайтуды және орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, олардың функционалдық басқаруындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;

Функциялары:

  • өртке қарсы насихаттауды ұйымдастырады, ормандарды сақтау мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялайды, ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін іске асырады;
  • қажет болған жағдайда арнайы комиссиялар құру арқылы облыс аумағында орман өрттерімен күресу бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
  • жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ өртке қарсы техникаларды, көлiк құралдарын және орман өрттерiн сөндiруге арналған өзге де ұйымдастыру құралдарын тарту тәртiбiн белгiлейдi, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды тасымалдау, өрт сөндiру құралдарымен, азық-түлiкпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;
  • орман қорының аумағында зиянкестер мен орман ауруларымен күресу және оның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу туралы, зиянкестер мен орман ауруларымен күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ ормандағы өрт қауіптілігі жоғары болған кезде орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешімдер қабылдайды,
  • уәкiлеттi органға жолдау үшiн функционалдық басқаруындағы орман қорын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттiк орман кадастры, ормандарды мемлекеттiк мониторинг жүргізу бойынша материалдарды дайындайды;
  • мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану үшін  төлемақы ставкалары жобаларын әзірлейді;

Міндеті: табиғат пайдалану саласында мемлекеттік реттеу;

Функциялары:

  • орман өрттерiн алдын алу және олармен мемлекеттiк орман қоры аумағында күресу бойынша жыл сайынғы iс-шаралар жоспарларын әзiрлейдi, бекiтедi және жүзеге асырады;
  • уәкiлеттi органның және облыстың жергiлiктi өкiлдi органының қатысуымен функционалдық басқаруындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану үшiн орман ресурстарын беру жөнiндегi тендерлерді ұйымдастырады және жүргiзедi;
  • мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi орман пайдалану келісімшарттарын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады;
  • мемлекеттiк орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті өртке қарсы құрылымдардың жұмыс жасауына жәрдемдеседі;
Дата публикации
04 июля 2025
Дата обновления
17 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
14 января 2026
Баспасөз релиздері
Азаматтардың өтініштеріне шолу
08 января 2026
2025 жылдың 4 тоқсанында заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне шолу
Азаматтардың өтініштеріне шолу
02 октября 2025
2025 жылдың 3 тоқсанын заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне шолу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы