Қазақстанда жыл сайынғы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2020» конкурсы басталды. Конкурс номинацияларының бірі «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы болып табылады.
Осыған байланысты, Басқарма Қостанай облысындағы шағын және орта бизнес субъектілерінен конкурсқа қатысуға өтінімдер жинауды ұйымдастырады.
Өтінімді рәсімдеуге арналған материалдар (номинацияны бағалау критерийлері, номинация үміткерінің сауалнамасы) kostanay-priroda.kz сайтының «Парыз 2020» бөлімінде орналастырылған. Сонымен қатар, өтінімге жұмыс берушінің конкурсқа қатысатындығын растайтын ресми хат қоса тіркелуі тиіс.
Өтінім материалдары yu.kosenko@kostanay.gov.kz электрондық поштасы арқылы 2020 жылдың 11 маусымына дейін қабылданады.
Қосымша ақпаратты 8 (714-2) 54-47-46 телефоны бойынша алуға болады.