«Брендт» ЖШС

Құрметті тұрғындар!

«Брендт» ЖШС Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды. Жобалық құжаттаманың атауы: «Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Аққарға кен орынның өнеркәсіптік аймағының аумақ мекенжайы бойынша орналасқан Аққарға кен орынның тотыққан кендерін қайта өңдеу зауытының үймелік сілтісіздендіру алаңын, ұсатып-сұрыптау желілерін және өзге де өнеркәсіптік алаңдарын қайта құру» жұмыс жобасына әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін құжаттар материалдары.  Әсер ету аймағы: Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Мүктікөл а. о. Кен орнының ауданы 3525 га құрайды. Координаттар: 1) 51°37ʹ42,94ʹʹ с.е. 60°56ʹ02,05ʹʹ ш.б.

Қоғамдық тыңдаулар 07.11.2025 жылы сағат 11:00-де Жітіқара ауданы, Мүктікөл а. о., Волгоградское а., Производственная көшесі, 60, жергілікті ЖШС ғимараты мекенжайы бойынша өтеді. Қоғамдық тыңдаулар аралас форматта өткізіледі (ZOOM платформасында ашық жиналыс және бейнеконференциялар). Қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін мына сілтеме бойынша өту қажет: https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09.  Конференция идентификаторы: 387 530 9521, кіру коды: uv3JD5. Тіркеу талқылау басталғанға дейін 15 минут бұрын басталады. Интернет желісіне қосылу мүмкін болмаған жағдайда тыңдаулар офлайн режимінде өткізілетін болады.

Жобалық құжаттама пакетімен «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» порталда https://ndbecology.gov.kz/, "Қоғамдық тыңдаулар күнтізбесі" бөлімі, сондай-ақ ЖАО-ның " Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ-нің сайтында "Қоғамдық тыңдау" бөлімінде: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar.

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар "Қоршаған орта және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" порталында, сондай-ақ "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ мекенжайы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 72, тел.: 8 (7142) 54-61-66. Электрондық мекен-жайы: zh.remizova@kostanay.gov.kz

Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылады.

Ұсынылған қызметтің бастамашысы: "Брендт" ЖШС, ҚР, Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 11 шағын аудан, 30Б құрылысы, БСН: 020540002502, тел: +7 (777) 301-20-03, e-mail: brendt@mail.ru.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: "Legal Ecology Concept" ЖШС, Өскемен қ., 070002, М. Горький к-сі, 21, БСН: 211040029201, Тел.: +7 (777) 414-90-10, e-mail: toolec21@gmail.com. Қосымша ақпаратты электрондық пошта арқылы алуға болады brendt@mail.ru және тел: +7 (777) 301-20-03.

 

Хаттама

Бейнеге сілтеме

Дата публикации
03 октября 2025