Тамыз айы бойынша қызметтер туралы есеп

Тамыз айы бойынша қызметтер туралы есеп

Басқарма келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

«ІІ санаттағы объектілер үшін әсер етуге  арналған экологиялық рұқсат беру»; «Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру»; «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»; «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру»; «Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау»; «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау»; «Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызуға және өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға арналған шығыстарды өтеу»; «Ағаш кесу және орман билетін беру»  мемлекеттік қызметі орман иеленушілермен, яғни Басқарманың орман шаруашылығы мекемелерімен көрсетіледі.

«ІІ санаттағы объектілер үшін әсер етуге  арналған экологиялық рұқсат беру» қызметі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығымен бекітілген "Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну, сондай-ақ экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін бекіту қағидалары" негізінде жүзеге асырылады.

«Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру» қызметі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы №317 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» қызметі ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №18-04/675 бұйрығымен бекітілген "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" қағидалар негізінде көрсетіледі.

 «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру»ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 14 маусымдағы №219 бұйрығымен бекітілген.

«Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау» ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы №180 бұйрығымен бекітілген.

«Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызуға және өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға арналған шығыстарды өтеу» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-02/169 бұйрығымен бекітілген.

«Ағаш кесу және орман билетін беру»   қызметі ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №18-02/40 бұйрығымен бекітілген "Орман билеті мен ағаш кесу билеті нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Тегін негізде келесі 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: «ІІ санаттағы объектілер үшін әсер етуге  арналған экологиялық рұқсат беру»; «Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру»; «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау»; «Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызуға және өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға арналған шығыстарды өтеу»; «Ағаш кесу және орман билетін беру» .

 Төлемді/тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер: «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»; Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру».

Альтернативті түрде (электрондық/қағаз түрінде) көрсетілетін қызмет – "Ағаш кесу билетін және орман билетін беру".

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу үшін ұсынылатын жаңа мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.

2025 жылдың тамыз айында 885 қызмет көрсетілді.

Дата публикации
30 сентября 2025