2025 жылғы облыстық экологиялық идеялар мен жобалар байқауы жарияланады

Суретте Жер шары бейнеленген, оның айналасында экологиялық бастамалармен айналысып жатқан балалар тобы орналасқан. Балалар қоқысты сұрыптап, түрлі түсті контейнерлерге тастап жатыр, кейбіреулері табиғатты қорғау бойынша идеяларды талқылауда. Бұл сурет балалардың қоршаған ортаға деген қамқорлығын, бірлесе әрекет етуін және Жерді сақтау жолындағы ұмтылысын көрсетеді.

2025 жылғы облыстық экологиялық идеялар мен жобалар байқауы жарияланады

Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «NECO» экологиялық клубы қоғамдық қорымен бірлесіп Қостанай облысының мектеп, колледж және ЖОО білім алушылары арасында экологиялық идеялар мен жобалар байқауын жариялайды.

 

Өтінімдерді қабылдау – 2025 жылғы 20 қазанға дейін

 

Байқаудың мақсаты – өңірдің табиғат қорғау мәселелерін шешуге бағытталған өзекті экологиялық бастамаларды анықтау және қолдау.

Басым бағыттар:

 

  • Қатты тұрмыстық қалдықтармен ластанудан жерді қорғау
  • Су ресурстарына ұқыпты қарау
  • Орман өрттерінің алдын алу

Қатысушылар: кемінде 2 адамнан тұратын бастамашыл топтар

Қаржыландыру: үздік жобаларға 100 000 теңгеге дейінгі қаражат бөлінеді

Өтінімдерді мына электрондық пошта арқылы жолдау қажет: Neco.kz@mail.ru

Байланыс телефоны: +7 771 573 23 00 (Наурызбек)

Дата публикации
28 июля 2025