«Таза Ұзынкөл» ШЖҚ

«Ұзынкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Таза Ұзынкөл» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорны экологиялық рұқсат алу үшін әзірленген экологиялық құжаттама материалдары бойынша қоғамдық талқылау өткізілетінін хабарлайды. Талқыланатын тақырыптар: Ластаушы заттардың рұқсат етілген шекті шығарындыларының жобасы, Экологиялық шаралар жоспары, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы,Қалдықтарды басқару бағдарламасы.

Қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін аумақтар және қоғамдық тыңдаулар өтетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізімі, географиялық координаттары:

Бауман ауылдық округі, Бауман ауылы – 54.066061318032055 с.е., 65.92914760802336 ш.б.

Ершов ауылдық округі, Ершовка ауылы – 54.042597479226856 с.е., 65.04038057547119 ш.б.

Киров ауылдық округі, Кировское ауылы – 52.08015137768034 с.е., 67.21197358688796 ш.б.

Ряж ауылдық округі, Ряжское ауылы – 54.07024075964768 с.е., 65.50211875727807 ш.б.

Сатай ауылы – 54.31319160417395 с.е., 65.83878974587292 ш.б.

Обаган ауылдық округі, Тайсойған ауылы – 54.317841518893474 с.е., 64.69982948054938 ш.б.

Қоғамдық тыңдаулар: Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы мекенжайы бойынша өтеді,:

Бауман ауылы, Бауман көшесі, 311/07/2025 10: 00

Ершовка ауылы Киров көшесі, 411/07/2025 15: 00

Киров ауылы, Әл-Фараби көшесі 808/07/2025 10: 00

Рязское ауылы, 60 лет Октябрь көшесі, құрылым 11.08/07/2025 15:00

Сатай ауылы, Зеленая көшесі, 2609/07/2025 10: 00

 Тайсойған ауылы, Мүсірепов көшесі 19/109/07/2025 15: 00

Қатысушылардың шешімі бойынша тыңдаулар бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Жобаны жүзеге асырушы: «Таза Ұзынкөл» ШЖҚ МКК, БСН: 130340008091, мекен-жайы: Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Суқұбыры көшесі, 17, байланыс телефоны: +7 708 121 35 83.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «Эко Стандарт» ЖК, мекен-жайы: Қостанай ауданы, Мичурино кенті, Аубакиров көшесі, 150, телефоны: +7 705 229 89 25.

Талқыға ұсынылған материалдармен және кейінірек тыңдаулар хаттамасымен мына ресурстар арқылы танысуға болады: Қазақстанның Бірыңғай экологиялық порталы: https://ndbecology.gov.kz/

Қостанай облысы әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ресми сайты:

https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar/press/article/1?lang=ru

Қызығушылық танытқан тараптар өз пікірлері мен ұсыныстарын тыңдаулар басталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын zh.remizova@kostanay.gov.kz электронды поштасына жібере алады.

Қосымша ақпарат алу үшін және құжаттардың көшірмелерін сұрату мақсатында төмендегі байланыс арналарына жүгінуге болады: E-mail: e_ekolog@mail.ru, тел.: +7 705 229 89 25

Қоғамдық тыңдалымның ұйымдастырушысы: «Қостанай облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.

Тыңдалымға қашықтан қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Zoom платформасы арқылы қосылуға болады: Сілтеме: https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09

Конференция идентификаторы: 387 530 9521 Құпия сөз: uv3JD5

Хаттама

Ссылка на видео

Дата публикации
09 июня 2025