Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасына қарасты "Қостанай қаласының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат алу мақсатында экологиялық құжаттама материалдары бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды. Қоғамдық тыңдауға шығарылатын материалдар: ластаушы заттардың рұқсат етілген шығарындыларының нормативтер жобасы, іс-шаралар жоспары, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, қалдықтарды басқару бағдарламасы.
Қоршаған ортаға ықпал етуі мүмкін аумақ және қоғамдық тыңдау өтетін жер – Қостанай қаласы. Географиялық координаттары: 51.145986022460193 солтүстік ендік, 71.42795740221323 шығыс бойлық.
Қоғамдық тыңдау 2025 жылғы 26 маусым күні сағат 10:00-де Қостанай қаласы, Автомобиль көшесі, 20 мекенжайы бойынша өтеді. Қоғамдық тыңдауға қатысушылардың шешімімен ашық жиналыстың ұзақтығы қатарынан бес жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
Жобаны іске асырушы – Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасына қарасты "Қостанай қаласының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. БСН 120340000054. Мекенжайы: Қостанай қаласы, Автомобиль көшесі, 20. Телефон: 8 7142 39 11 86.
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші – "Эко Стандарт" жеке кәсіпкерлігі. Мекенжайы: Қостанай ауданы, Мичурино ауылы, Аубакиров көшесі, 150. Телефон: 8 705 229 89 25.
Қоғамдық тыңдауға шығарылатын материалдармен, сондай-ақ кейін жарияланатын қоғамдық тыңдау хаттамасымен мына сайттардан танысуға болады: Бірыңғай экологиялық портал https://ecoportal.kz және Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar/press/article/1?lang=ru
Қызығушылық танытқан жұртшылық өз ескертулері мен ұсыныстарын қоғамдық тыңдау басталардан кемінде үш жұмыс күні бұрын zh.remizova@kostanay.gov.kz электрондық поштасына жолдай алады.
Жоспарланған қызмет, қоғамдық тыңдаулар өткізу және оған қатысты құжаттардың көшірмелері жөніндегі қосымша ақпаратты e_ekolog@mail.ru электрондық пошта мекенжайы немесе +7 705 229 89 25 телефоны арқылы алуға болады.
Қоғамдық тыңдаулардың ұйымдастырушысы – Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.
Қоғамдық тыңдауға онлайн режимде қатысу Zoom платформасы арқылы мүмкін. Қосылу сілтемесі: https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09
Конференция идентификаторы: 387 530 9521
Қатысу коды: uv3JD5