«Адаевский КДСМ» ЖШС

Хабарландыру

 

"Адаевский КДСМ" ЖШС Қостанай облысының Қамысты ауданында орналасқан гранодиориттер мен диориттердің Адай кен орнында магмалық тау жыныстарын (құрылыс тасын) өндіруге арналған Тау-кен жұмыстарының жоспарына "Қоршаған ортаны қорғау"бөлімі, Эмиссиялар нормативтерінің жобасы, Қалдықтарды басқару бағдарламасы, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Адаевка а.

Учаске орталығының географиялық координаттары: 51°49'с.е. 62°00' ш.б.

Әсер ету аумағының географиялық координаттары: 51.804206 с.е., 62.030880 ш.б.

Тыңдаулар 26.05.2025 ж. сағат 11:00-де Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Адаевка а., «Содружество-98» ЖШС ғимараты, акт залы, әкімдік ғимаратының кіреберісінен кіру мекенжайы бойынша өтеді.

Ашық жиналысты өткізу мерз імі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

ҚР аумағында ТЖ және карантин режимі күшейтілген жағдайда тыңдаулар бейнеконференция ZOOM Meeting Cloud форматында өткізіледі. Конференцияны сәйкестендіру: 387 530 9521. Құпия сөзі uv3JD5.

Бастамашы – «Адаевский КДСМ» ЖШС, БСН: 140240010359, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты а., Ауезов к-сі 2, тел: 8-714-37-21-2-52, nata-yamaltdinova@mail.ru

Жобаны әзірлеуші «АЛАИТ» ЖШС, БСН: 100540015046, Көкшетау қ., Васильковский 4 Г ш.а., 2 қабат, тел.: 8 (776) 1124854, e-mail: alait@mail.ru

                Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттармен, содан кейін және жарияланған қоғамдық тыңдаулар хаттамасымен «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банк» https://hearings.ndbecology.gov.kz/ порталында танысуға болады, сондай-ақ "Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ ЖАО сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar

Жоспарланған қызмет туралы, қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ e-mail бойынша құжаттардың көшірмелерін сұратуға болады: alait@mail.ru және тел: 8 (776) 112 4854.

                Ескертулер мен ұсыныстар жазбаша немесе электрондық нысанда мына мекенжай бойынша қабылданады: "Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 72, тел. 8(7142)54-61-66 zh.remizova@kostanay.gov.kz, сондай-ақ "Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі" порталында https://hearings.ndbecology.gov.kz/

Хаттама

Ссылка на видео

Дата публикации
25 апреля 2025