«Компания «КАЗНЕФТЬ» ЖШС
ҚР Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес, әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін: Рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы, Іс-шаралар жоспары, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, Қалдықтарды басқару бағдарламасы экологиялық құжаттама материалдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды.
Аумағында әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізімі, учаскенің географиялық координаттары және әсер ету аумағының географиялық координаттары: Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоровка ауылы (53°10ʹ04.61ʺс.е., 55°10ʹ41.94ʺш.б.).
Тыңдаулар өтеді:
2025 жылғы 30 сәуірде, сағат 11-де, Қостанай обл., Федоров ауд., Федоровка а., Красноармейская көш., 53 үй, Федоровка а. әкімдігінің ғимараты мекен-жайы бойынша.
Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Жоспарланған қызметтің бастамашысы: «Компания «КАЗНЕФТЬ» ЖШС, БСН 170240034371, заңды мекен-жайы: ҚР, Қостанай обл., Қостанай ауд., Заречное а. Тел. 8-701-857-2278.
Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерінің құжаттамасын әзірлеуші: «ГЭСПОЛ» ЖШС, БСН 060440009058, ҚР, Қостанай қ., Қобыланды Батыр даңғ., 1. Тел. +7-747-679-20-57.
Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын материалдармен және одан кейін жарияланған қоғамдық тыңдаулардың хаттамасымен Бірыңғай экологиялық порталдың https://ecoportal.kz сайтында, сондай-ақ «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің ресми интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar/press/article/1?lang=ru танысуға болады.
Жоспарланған қызмет, қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ жоспарланған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін e-mail: gspl.info@mail.ru арқылы сұратуға болады, тел. +7-747-679-20-57.
Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар бойынша қағаз немесе электрондық нысандағы ескертулер және ұсыныстарды мүдделі жұртшылық қоғамдық тыңдаулар өткізу басталатын күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Бірыңғай экологиялық порталға (https://ecoportal.kz), сондай-ақ «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-на Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 72, мекен-жайы бойынша, zh.remizova@kostanay.gov.kz эл. поштасы арқылы жібере алады. Сондай-ақ, осы мекен-жайларға жарияланған қоғамдық тыңдаулар хаттамасы бойынша ескертулер және ұсыныстар жіберуге болады.
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырушы: «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.
Қоғамдық тыңдаулар кезінде бейнеконференцбайланысқа онлайн қосылу Zoom арқылы мүмкін болады. Қоғамдық тыңдауларға қосылу үшін сілтеме: https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09.
Конференция сәйкестендіргіші: 387 530 9521. Кіру коды: uv3JD5.