Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Қостанай облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Қостанай облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінде:

реттік нөмірі 57-жол жаңа редакцияда жазылсын:

«

57

Кондратьевский тоғаны

27,2

Әулиекөл

»;

реттік нөмірі 74-жол жаңа редакцияда жазылсын:

«

74

Аласор көлі

355,3

Бейімбет Майлин

»;

реттік нөмірі 97-жол жаңа редакцияда жазылсын:

«

97

Қарасор көлі

1839,4

Бейімбет Майлин

».

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облысының әкімі                                                 Қ. Ақсақалов

Дата публикации
13 марта 2025