Хабарландыру
«Адал-LTD» ЖШС ашық жиналыс түрінде экологиялық рұқсат алу үшін жобалық құжаттаманы талқылау мақсатында (қоршаған ортаны қорғау бөлімі, рұқсат етілген шығарындылар нормативтері, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспары) астық өңдеу және ұн, құрама жем, макарон өнімдерін өндіру кешеніне қатысты қоғамдық тыңдау өткізеді.
Әсер ету аумағы: Қостанай қ., Солтүстік өндірістік аймақ, Узкая колея көшесі. Нысан координаттары: 53.262870, 63.635885, әсер ету аумағының координаттары 53.263850, 63.651935.
Тыңдау 2025 жылғы 11 наурызда сағат 11:00-де Қостанай қ., Солтүстік өндірістік аймақ, 71-ғимарат мекенжайы бойынша өтеді. Қатысушыларды тіркеу үшін жиналу уақыты – сағат 10:45. Қоғамдық тыңдауды өткізу мерзімі тыңдауға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Қызметті бастаушы: «Адал-LTD» ЖШС, Қостанай қ., Солтүстік өндірістік аймақ, 71-ғимарат, тел.: 8-7142-39-01-89, e-mail: adal.ltd@mail.ru.
Жобаны әзірлеуші: ЖК «Экоэкспертсервис», тел.: 8-777-795-7992, e-mail: ecolinesport@list.ru.
Қоғамдық тыңдаулардың материалдары мен кейінгі хаттамасымен «Экологиялық портал» интернет-ресурсындағы https://ecoportal.kz «Жарияланған тыңдаулар» бөлімінде және Қостанай облысы әкімдігінің «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ресми сайтындағы https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar/activities/7360?lang=ru мекенжайында танысуға болады. Қосымша ақпаратты ecolinesport@list.ru электронды поштасы немесе WhatsApp арқылы 8-777-795-7992 нөміріне сұрау салу арқылы алуға болады.
ZOOM қосымшасы арқылы конференцияға қосылуға болады (https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09).
Конференция идентификаторы: 387 530 9521;
Қолжетімділік коды: uv3JD5.
Жобалық материалдарға ескертулер мен ұсыныстарды қағаз түрінде Қостанай облысы әкімдігінің «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ мекенжайына: Қостанай қ., Тәуелсіздік көшесі, 72, электронды түрде zh.remizova@kostanay.gov.kz, upr.leshoz@kostanay.gov.kz поштасына, сондай-ақ «Экологиялық портал» интернет-ресурсының https://ecoportal.kz «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімі арқылы жіберуге болады.