Өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз

       Қостанай облысы улиекөл ауданының аумағында 2022 жылғы ірі орман өртінің салдарынан бүлінген қылқан жапырақты орманның (қарапайым қарағайдың) жалпы қоры 32,4 мың гектар алқапта 4 млн. 670 мың текше метр ағашты құрады

      Өртенген орман екпелерінің жас құрылымы жас және орта жастағы екпелерден тұратындығына байланысты-жұқа өлшемді сүректі дайындау және терең өңдеу, сондай-ақ ағаш дайындаудан (кесу қалдықтарынан) қалдықтарды кәдеге жарату талап етіледі Қазіргі уақытта ағаш кесу және ағаш өңдеу кәсіпорындары қызметінің ең перспективалы бағыттарының бірі орман қалдықтарын, сондай-ақ жұқа өлшемді ағашты терең өңдеу кезінде қосымша өнімдер алу болып табылады.

     Ағашты терең өңдеу қажеттілігі мүдделі инвесторлардың қаржысын инвестициялай отырып, қайта өңдеу зауытын салуды талап етеді

     Қостанай облысының ірі өртеу учаскелерінде жұқа өлшемді сүрек пен ағаш дайындау қалдықтарын терең өңдеуге мүдделі инвесторларды өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз.

Дата публикации
30 сентября 2024