Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Қостанай облысы әкімдігінің «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы»;

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес және қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі:

келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 385, 386, 387, 388, 389, 390, 391, 392 – жолдарымен толықтырылсын:

«

385

Қостомар шатқалы

98

Алтынсарин

386

Жарсор көлі

80

Бейімбет Майлин

387

Қайыңдыкөл көлі

126

Бейімбет Майлин

388

Алтын Дала ауылының жанындағы жарылғыш шұңқыры

4,2

Қостанай

389

Шанке көлі

33

Қостанай

390

Қамыстыкөл көлі

130

Ұзынкөл

391

Гуртовое көлі

7

Федоров

392

Тоқтас көлінің шығанағы

105

Федоров

».

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облысының әкімі                                                 Қ. Ақсақалов

Дата публикации
14 августа 2024