ҚР Экологиялық кодексінің 37-бабына сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдары әрбір бес жылдық кезеңге арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін (бұдан әрі – КҚКО) әзірлеуге міндетті.
Нысаналы көрсеткіштер деп қоршаған ортаның жекелеген компоненттерінің жай-күйінің сандық және сапалық сипаттамаларының және белгілі бір уақыт кезеңінде қол жеткізуге тиіс қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды тиімді басқару жөніндегі шараларды қамтамасыз ету деңгейін сипаттайтын өзге де көрсеткіштердің жиынтығы түсініледі.
Қостанай облыстық мәслихатының 15.05.2019 жылғы № 389 шешімімен бекітілген 2019 - 2021 жылдар кезеңіне Қостанай облысы бойынша бұрын қолданыста болған КҚКО-ға қол жеткізілді.
Қостанай облысы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған КҚКО жобасы әзірленді (Тапсырыс беруші - "Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ, мердігер - "ГЭСПОЛ"ЖШС). Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті өкілді органдардың КҚКО бекіту рәсімі жүргізілуде.