«Tengri Energy plus» ЖШС әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін «Tengri Energy plus» ЖШС жобалық материалдары бойынша ашық жиналыстар арқылы қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды (рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы (РШН), табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы).
Қоғамдық тыңдаулар 2023 жылғы «19» қаңтарда, жергілікті уақытпен сағат 15:00 Жітіқара қ., Ленин көш., 67, «Костанайские минералы» АҚ мәжіліс залы мекенжайы бойынша өткізіледі.
Аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Қостанай облысы, Жітіқара қ.
Жоспарланған қызмет бастамашысының деректемелері: «Tengri Energy plus» ЖШС, БСН 231140006478. 110700 Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Тоқтаров а.о. Өнеркәсіп аймағы, 28-құрылыс. Координаттар: 1.X5769353,37, Y1198102,45; 2. X5769230,65, Y1198195,25; 3.X5769095,90, Y1198240,91; 4.X5769051,89, Y1198100,28; 5. X5769213,09, Y1198034,77; 6.X5769326,75, Y 1197995,93.
Жобаны әзірлеуші - «Қазақстандық экологиялық қызмет» ЖШС, БСН 130540024338, Қостанай облысы, Қостанай қ., Амангелді көш., 93Б, 401 кеңсе, тел. 8(7142)39-22-38.
Жергілікті атқарушы орган - «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында бейнеконференцияға Онлайн қосылу Zoom платформасы арқылы мүмкін болады. Zoom конференциясына https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09
сілтемесі арқылы қосылуға болады, конференция идентификаторы: 387 530 9521, кіру коды: uv3JD5
Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын материалдармен, содан кейін жарияланған қоғамдық тыңдаулар хаттамасымен https://ecoportal.kz БЭП сайтында және https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar?lang=ru, ЖАО сайтының «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде танысуға болады.