«Варваринское» АҚ

«Варваринское» АҚ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес, экологиялық құжаттаманың материалдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды: Рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобалары (РЕШ), Рұқсат етілген тастандылар нормативтерінің жобалары (РЕТ), Қалдықтарды басқару бағдарламасы, Тау-кен қалдықтарын басқару бағдарламасы, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, Экологиялық рұқсат алу үшін қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспары.

Тыңдаулар өтеді:

2023 жылдың 29 қарашасы, сағат 11.00-де: Қостанай облысы, Б.Майлина ауданы (бұрынғы Тарановский), Асенкритовский ауылдық округі, Варваринка ауылы, «Варваринское» АҚ, өнеркәсіп алаңындағы конференц-зал. Жақын ауылдардың тұрғындары (Варваринка ауылы, Асенкритовка ауылы, Қызыл-Жар ауылы) «Варваринское» АҚ-на кәсіпорын көлігімен орталықтандырылған түрде жеткізіледі.

Асенкритовка ауылындағы аялдамадан сағат 10.00-де, Қызыл-Жар ауылындағы аялдамадан сағат 10.20-да, Варваринка ауылындағы аялдамадан 10.40-та жөнелтеді.

Аумағы әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өтетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі:

Қостанай облысы, Б.Майлина ауданы (бұрынғы Тарановский), Асенкритовский ауылы, Варваринка ауылы.

Жоспарланған іс-шараның бастамашысы: «Варваринское» АҚ, тел.: +7 (7142) 390 225, 8-705-3118339. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Б.Майлина ауданы, Варваринка ауылы, БСН 950840000144

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «Қостанай экологиялық сервис» ЖШС, Қостанай облысы, Қостанай қ., көш. Амангелді, 93Б, 401, тел. 8 (7142) 39-22-38, БСН 130540024338.

Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырушы: «Қостанай облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.

Қоғамдық тыңдаулар кезінде бейнеконференцияға онлайн қосылу Zoom арқылы мүмкін болады. Қоғамдық тыңдауларға қосылу үшін сілтеме: https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09

Конференция ID: 387 530 9521

Кіру коды: uv3JD5

Қоғамдық тыңдау материалдарымен ecoportal.kz сайтында, сондай-ақ «Қостанай облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ https://www.gov.kz/ ресми интернет-ресурсында танысуға болады memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar?lang=en

Жоспарланған іс-шаралар туралы қосымша ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: eco@polymetal.kz, тел.8-705-311-83-39.

Ескертулер мен ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталда (https://ecoportal.kz/) қоғамдық тыңдаулар басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ «Қостанай облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде z.bekkulova@kostanay.gov.kz қабылданады, Қостанай қ., Тәуелсіздік к., 72.

Бейне сілтемесі

Хаттама

Дата публикации
26 октября 2023