2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін
және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы


«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24
мамырдағы № 180 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі
мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды
субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28188 болып тіркелген) сәйкес
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған акваөсіру
(балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды
субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы
әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің
жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

 

 

Келісілді

Қазақстан Республикасы
Экология, және табиғи
ресурстар министрлігі

Дата публикации
16 октября 2023