«Надеждинское» ЖШС «Қостанай облысындағы Шаракульское кен орны учаскесінде геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде бұзылған жерлерді рекультивациялау» (2019 жылғы 01 қазандағы № 329-EL ТПИ барлауға лицензиясы бойынша) жобасы аясында ықтимал әсерлер туралы есептің материалдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулар өткізіледі:
12.09.2023 ж сағат 12.00-де Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Белинский с.о., Қайыңдыкөл ауылы, «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мекенжайы бойынша және
12.09.2023 ж сағат 16.00-да Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Аркинская с.а., Арқа ауылы, «Краснооктябрь орта мектебі» КММ акт залы мекенжайы бойынша.
Қатысушыларды тіркеу, жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде енгізіледі.
Карантин ұзартылған жағдайда белгіленген қоғамдық тыңдаулар онлайн режимінде Zoom платформасы арқылы бейнеконференция түрінде өтеді. Конференцияға қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы өту қажет https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09
Сәйкестендіргіш 387 530 9521; код uv3JD5
Конференцияға қосылу және қоғамдық тыңдауларға қатысуға ниет білдірген Смайловка ауылының тұрғындарын Қайыңдыкөл ауылына жеткізу үшін 8(705)874-38-58 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Бастамашысы: «Надеждинское» ЖШС; БСН 150140016792; мекенжайы: Костанай облысы, Рудный қаласы, Промзона шағын ауданы, 147 ғимарат
Құжаттаманы әзірлеуші: «Научно-исследовательский инжиниринговый центр ERG» ЖШС; БСН 120640005135; мекенжайы: Астана қаласы, Кунаев көшесі, 2, БО «ССС»
Жергілікті атқарушы орган – «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, тел. 8(7142)54-61-66
Жоба бойынша құжаттамалар БЭК-те https://ecoportal.kz/ және ЖАО-ның https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar?lang=kk сайтында, «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде жарияланған.
Барлық ескертулер мен ұсыныстар мына электронды мекенжай бойынша қабылданады: Ulfat.Murat@erg.kz; upr.leshoz@kostanay.gov.kz