Бюджеттік жоспарлау бөлімі туралы ереже.

Басқарма басшысының 

 2021 жылғы  2 желтоқсандағы 

  №119 н/қ бұйрығымен 

 бекітілген 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар

және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің бюджеттік жоспарлау бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1.Жалпы ережелер

                                   

  1. Бюджеттік жоспарлау бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Басқарма туралы ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы, штаттық құрамы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысымен бекітіледі.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеттері:

1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджет шығыстарын қалыптастыру. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджетін нақтылауға бюджеттік өтінімдерді дайындау.

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру, оларға өзгерістер енгізу, бөлінген бюджет қаражатын игеру барысы туралы ақпарат дайындау.

3) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің негізгі құралдарының түсуі мен шығуы мәселелері бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау.

4) бюджеттік жоспарлау, бюджеттік есептілік мәселелері және бөлімнің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және үйлестіру.

5) жұмысты ұйымдастырудың жаңа әдістерін, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде жетілдіру және енгізу.

6) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық бюджеттік есептілігін қалыптастыру.

7) мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарларын қалыптастыру, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

8) Басқарма мақсаттарына сәйкес өзге де міндеттер.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

5.1. Бөлім құқылы:

1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;

2) бюджет шығыстарын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізу;

4) бөлім алдына қойылған міндеттерді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және басшылықтың қарауына енгізуге міндетті;

5) Бөлім жұмысын жетілдіру бойынша Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізу;

6) өзге мемлекеттік органдармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен өзара қарым-қатынастарда Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Басқарма атынан белгіленген тәртіппен өкілдік етуге міндетті.

7) құрылымдық бөлімшелерден және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерден Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, анықтамаларды және өзге де мәліметтерді (ақпаратты) сұратуға міндетті.

8) Бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бөлігінде басқа бөлімшелер дайындайтын құжаттардың (шешімдердің) жобаларын келісуге қатысуға міндетті.

9) Бөлімнің құзыретінен туындайтын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

5.2. Бөлім міндетті:

1) Бөлімге жүктелген функцияларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, басқарманың Ережесіне және ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асыруға;

2) Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша Басқарма басшысының шешімдерін ішкі құжаттарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға міндетті;

3) осы Ережемен және Басқарманың басқа да ішкі құжаттарымен Бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша құжаттарды уақтылы дайындауды жүзеге асыру;

4) Бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің сұрау салулары бойынша ақпаратты, құжаттарды, қорытындыларды уақтылы ұсынуға міндетті;

5) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға міндетті.

 

5.3. Бөлімнің міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Бөлім басшысы жауапты болады.

5.4. Басқа қызметкерлердің жауапкершілік дәрежесі лауазымдық міндеттермен белгіленеді.

5.5. Бөлім басшысы, сондай-ақ Бөлім қызметкерлері жауапты:

1) Басқарманың басшысына және құрылымдық бөлімшелеріне Бөлім құзыреті шеңберінде Бөлім мен Басқарманың жұмысы туралы дәйексіз ақпарат беру;

2) лауазымдық міндеттерін жосықсыз орындау;

3) өндірістік және еңбек тәртібін бұзу;

4) Ережені, жергілікті Басқарманың нормативтік актілерін және лауазымдық нұсқаулықтарды сақтамау;

5) Бөлімге сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын қамтамасыз етпеу.

  1. Функциялар:

1) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес бюджет шығыстарының бағытын айқындау;

2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық бюджеттік өтінімін және бюджетті нақтылауға арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық бюджеттік өтінімдерін әзірлеу, қалыптастыру және ұсыну;

3) басқа құрылымдық бөлімшелер ұсынатын деректер негізінде жоспарлы және болжамды кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру. Бюджеттік бағдарламаларды уәкілетті органмен келісу. Бекітілген бюджеттік бағдарламаларды «Ашық бюджеттер» порталында орналастыру;

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларының жобаларын жасау және уәкілетті органға ұсыну

5) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын жасау және уәкілетті органға бекітуге ұсыну. Оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

6) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджетінің атқарылуы туралы жедел, ай сайынғы, тоқсандық және жылдық ақпаратты жинау, жасау және уәкілетті органға ұсыну;

7) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджетті игеру туралы жиынтық ақпаратты ай сайын дайындау және ұсыну;

8) бюджеттік тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

9) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық бюджеттік есептілігін жасау және уақтылы ұсыну.

10) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің негізгі құралдарының түсуі және шығуы бойынша құжаттарды дайындау және оларды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға жіберу.

11) Мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алатын ақшаның түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарларын жасау және бекітуге ұсыну, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

12) Бөлімнің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің, Нұсқаулық және әдістемелік нұсқаулардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

13) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап-арыз жұмысына қатысу;

14) Бөлімнің қызметіне байланысты құжаттарды сақтау және оларды мұрағатқа уақтылы беру, сондай-ақ электрондық мұрағатты уақтылы толтыру;

15) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді материалдық-техникалық, көліктік және жалпы шаруашылық қамтамасыз етудің жай-күйін талдау, жоғарыда аталған қамтамасыз ету түрлерінің тиімділігін арттыру, техникалық құралдарды сатып алу, жаңғырту, жөндеу және профилактикалық қызмет көрсету, материалдарды, бағалы емес заттарды, қосалқы бөлшектерді сатып алу жөнінде ұсыныстар дайындау;

16) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға есептер дайындау;

17) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың орындауға берілген өтініштерін, сұрау салуларын, ұсыныстарын, пікірлерін, хабарламаларын заңнамада белгіленген тәртіппен қарау.

18) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері мен лауазымды адамдары арасында ақпараттық алмасу шеңберінде келіп түскен қызметтік құжаттар мен құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен қарау.

19) қажет болған жағдайда ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

20) Бөлімге ҚР заңнамасымен, сондай-ақ ҚР Президентінің, Агенттіктің және Басқарманың актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.

11. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.

Дата публикации
27 июня 2023