Балық және аңшылық шаруашылығы бөлімі туралы ереже

Басқарма басшысының

2021 жылғы  2 желтоқсандағы

№ 119 н/қ бұйрығымен бекітілген

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

балық және аңшылық шаруашылығы бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Балық және аңшылық шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.

 

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1.        Міндеттері:
    1. балық және аңшылық ресурстарды ұтымды пайдалануды реттеу және қамтамасыз ету;
    2. балық және аңшылық шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.
    3. жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігін сақтау.
    4. балық және аңшылық ресурстарының өнімділігін арттыру.

 

     5.Құқықтары мен міндеттері:

  1. Бөлім құқылы:
  1. Жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
  2. өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;
  3. бөлім алдына қойылған міндеттерді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және басшылықтың қарауына енгізуге;
  4. бөлім жұмысын жетілдіру бойынша Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізуге;
  5. өзге мемлекеттік органдармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен өзара қарым-қатынастарда Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқарма атынан белгіленген тәртіппен өкілдік етуге;
  6. бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бөлігінде басқа бөлімшелер дайындайтын құжаттардың (шешімдердің) жобаларын келісуге қатысуға міндетті.
  7. бөлімнің құзыретінен туындайтын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

  1. Бөлімнің міндеттері:
  1. Бөлімге жүктелген функцияларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, басқарманың Ережесіне және ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асыруға;
  2. бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқарма басшысының шешімдерін ішкі құжаттарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға;
  3. Осы Ережемен және Басқарманың басқа да ішкі құжаттарымен Бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша құжаттарды уақтылы дайындауды жүзеге асыруға;
  4. бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің сұрау салулары бойынша ақпаратты, құжаттарды, қорытындыларды уақтылы ұсынуға;
  5. мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға.
    1. Бөлімнің міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін бөлім басшысы жауапты болады.
    2. Басқа қызметкерлердің жауапкершілік дәрежесі лауазымдық міндеттермен белгіленеді.
    3. Бөлім басшысы, сондай-ақ бөлім қызметкерлері жауапты:
  6. Басқарманың басшысына және құрылымдық бөлімшелеріне бөлім құзыреті шеңберінде бөлім мен басқарманың жұмысы туралы дәйексіз ақпарат беру,
  7. лауазымдық міндеттерін жосықсыз орындау,
  8. өндірістік және еңбек тәртібін бұзу;
  9. ережені, жергілікті басқару нормативтік актілерін және лауазымдық нұсқаулықтарды сақтамау;
  10. бөлімге сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын қамтамасыз етпеу.

 

  1. Функциялар:
  2. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету (балық аулау, аң аулау);
  3. «Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуді субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. «Аквамәдениет (балық шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамыту» мемлекеттік қызметін көрсету
  5. «Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-ге көрсетілген «жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерінің саны және облыс бюджетіне төлемдер түсімі бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсыну;
  6. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны бойынша «Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-не ай сайынғы есепті ұсыну;
  7. Қостанай облысының аумағында орналасқан аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекіту жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
  8. аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту туралы облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлеу;
  9. ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу;
  10. балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы даулы мәселелер бойынша сот отырыстарына қатысу;
  11. аңшылық алқаптардың резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін резервтік қорда қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  12. балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, Тониді (тонидік учаскелерді) ашу және жабу.
  13. бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап-арыз жұмысына қатысу;
  14. Бөлімнің қызметіне байланысты құжаттарды сақтау және оларды мұрағатқа уақтылы беру, сондай-ақ электрондық мұрағатты уақтылы толтыру;
  15. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың орындауға берілген өтініштерін, сұрау салуларын, ұсыныстарын, пікірлерін, хабарламаларын заңнамада белгіленген тәртіппен қарау;
  16. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері мен лауазымды адамдары арасында ақпараттық алмасу шеңберінде келіп түскен қызметтік құжаттар мен құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен қарау;
  17. бөлімге ҚР заңнамасымен, сондай-ақ ҚР Президентінің, Агенттіктің және Басқарманың актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.
  5. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.
Дата публикации
26 июня 2023