Басқарма басшысының
2021 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 119 н/қ бұйрығымен бекітілген
1.Жалпы ережелер
құқықтары мен міндеттері
1) Басқарманың мүліктік жағдайы туралы толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру.
2) Бухгалтерлік есеп жүргізу, материалдық және қаржылық ресурстардың ұтымды пайдаланылуын бақылау, мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.
3) алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру, Басқарманы қаржыландыру жоспарын қалыптастыру, оған өзгерістер енгізу, бөлінген бюджет қаражатын игеру барысы туралы ақпарат дайындау.
4) қаржылық бақылау және бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару және үйлестіру.
5) жұмысты ұйымдастырудың жаңа әдістерін, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде жетілдіру және енгізу.
6) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жолымен Басқарма қызметін материалдық-техникалық, жалпы шаруашылық және көліктік қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық қаржылық есептілігін қалыптастыру.
8) Басқарманың мақсаттарына сәйкес өзге де міндеттер.;
5.1. Бөлім құқылы:
1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;
2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан және жекелеген мамандардан Басқарма құралдарын пайдалану тиімділігін арттыруға, Басқарма мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге, бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдауды талап етуге;
3) тексеру нәтижелері бойынша Басқарманың лауазымды адамдарын материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізуге;
4) заңнамаға және ақша қаражатын, тауар-материалдық және басқа да құндылықтарды қабылдау, сақтау және жұмсаудың белгіленген тәртібіне қайшы келетін операциялар бойынша құжаттарды орындауға және ресімдеуге қабылдамауға;
5) өзге мемлекеттік органдармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен өзара қарым-қатынастарда Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Басқарма атынан белгіленген тәртіппен өкілдік етуге міндетті.
6) құрылымдық бөлімшелерден және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерден Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, анықтамаларды және өзге де мәліметтерді (ақпаратты) сұратуға міндетті.
7) Бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бөлігінде басқа бөлімшелер дайындайтын құжаттардың (шешімдердің) жобаларын келісуге қатысуға міндетті.
8) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізу;
9) Бөлім алдына қойылған міндеттерді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және басшылықтың қарауына енгізуге міндетті;
10) Бөлім жұмысын жетілдіру бойынша Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізу;
11) Бөлімнің құзыретінен туындайтын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
5.2. Бөлім міндетті:
1) Бөлімге жүктелген функцияларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Басқарманың Ережесіне және ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асыруға;
2) Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша Басқарма басшысының шешімдерін ішкі құжаттарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға міндетті;
3) осы Ережемен және Басқарманың басқа да ішкі құжаттарымен Бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша құжаттарды уақтылы дайындауды жүзеге асыру;
4) Бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің сұрау салулары бойынша ақпаратты, құжаттарды, қорытындыларды уақтылы ұсынуға міндетті;
5) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға міндетті.
5.3. Бөлімнің міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Бөлім басшысы жауапты болады.
5.4. Басқа қызметкерлердің жауапкершілік дәрежесі лауазымдық міндеттермен белгіленеді.
5.5. Бөлім басшысы, сондай-ақ Бөлім қызметкерлері жауапты:
1) Басқарманың басшысына және құрылымдық бөлімшелеріне Бөлім құзыреті шеңберінде Бөлім мен Басқарманың жұмысы туралы дәйексіз ақпарат беру;
2) лауазымдық міндеттерін жосықсыз орындау;
3) өндірістік және еңбек тәртібін бұзу;
4) Ережені, Басқарманың жергілікті нормативтік актілерін және лауазымдық нұсқаулықтарды сақтамау;
5) Бөлімге сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын қамтамасыз етпеу.
1) қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
2) Басқарманың қызметі бойынша қаржылық, салықтық және статистикалық есептілікті жасау және уақтылы ұсыну;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық қаржылық есептілігін жасау және уақтылы ұсыну.
4) заңнамаға сәйкес салықтар мен алымдарды және өзге де төлемдерді дұрыс есептеу және уақтылы аудару;
5) Басқарма қызметкерлерімен жалақы және өзге де төлемдер бойынша есеп айырысулар. Басқарманың қызметкерлеріне жалақы және басқа да төлемдер, сондай-ақ олардан ұстап қалу мәселелері бойынша анықтамалар беру;
6) шығыстарды уақтылы төлеуді жүзеге асыру және контрагенттермен қажетті есеп айырысуларды жүргізу.
7) негізгі құралдарға, тауарлық-материалдық құндылықтарға, ақша қаражаттарына түгендеу, Басқарма контрагенттерімен есеп айырысулар жүргізу;
8) қажет болған жағдайда негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, ақша қаражатын түгендеуге, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің контрагенттерімен есеп айырысуға қатысу;
7) бухгалтерлік, салықтық статистикалық және басқарушылық есепке алу талаптарына сәйкес қаржыны басқару жөніндегі озық ақпараттық жүйелерді енгізуге қатысу, ақпараттың дұрыстығын бақылау;
8) ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігінің, заңсыз жұмсалуының, заңнаманы бұзудың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;
9) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап-арыз жұмысына қатысу;
10) бастапқы есепке алу құжаттамасының белгіленген тәртіппен бекітілген үлгілік біріздендірілген нысандарын қолдану, осы құжаттаманы ресімдеу тәртібін қатаң сақтау;
11) Бөлімнің қызметіне байланысты бухгалтерлік құжаттарды, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, өзге де құжаттарды сақтау және оларды мұрағатқа уақтылы беру, сондай-ақ электрондық мұрағатты уақтылы толтыру;
12) Басқарманың материалдық-техникалық, көліктік және жалпы шаруашылық қамтамасыз етудің жай-күйін талдау және қажет болған жағдайда ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етудің жоғарыда аталған түрлерінің тиімділігін арттыру, техникалық құралдарды сатып алу, жаңғырту, жөндеу және профилактикалық қызмет көрсету, материалдарды, құндылығы төмен заттарды, қосалқы бөлшектерді сатып алу жөнінде ұсыныстар дайындау;
13) ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін жүзеге асыру;
14) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға есептер дайындау;
15) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың орындауға берілген өтініштерін, сұрау салуларын, ұсыныстарын, пікірлерін, хабарламаларын заңнамада белгіленген тәртіппен қарау.
16) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері мен лауазымды адамдары арасында ақпараттық алмасу шеңберінде келіп түскен қызметтік құжаттар мен құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен қарау.
17) қажет болған жағдайда ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге қаржылық бақылау және бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
18) алдағы үш жылдық кезеңге басқарма аппаратын ұстауға бағытталған бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді әзірлеу және қалыптастыру;
19) Басқарманың бюджеттік бағдарламаларын қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік жоспарлау Бөліміне уақтылы ұсыну;
20) Басқарманың бюджеттік бағдарламаларының міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітуге ұсыну, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
21) Бөлімге ҚР заңнамасымен, сондай-ақ ҚР Президентінің, Агенттіктің және Басқарманың актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.