Экологиялық реттеу бөлімі туралы ереже.

Басқарма басшысының

                                                                                 2021 жылғы  2 желтоқсандағы

                                                                                 № 119 н/қ бұйрығымен                         

                                                                                 бекітілген

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар

және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің экологиялық реттеу бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1.Жалпы ережелер

 

  1. Экологиялық реттеу бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Басқарма туралы ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.

 

  1. Экологиялық реттеу бөлімінің

 міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеттері:

1) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы сапалы және уақтылы жүргізу;у;

2) II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсаттар беру рәсімін сапалы жүргізу;

3) Экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдауларды уақтылы өткізу;

 

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Бөлім Құқықтары:

1) белгіленген тәртіппен Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыруға;

2) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен барлық меншік нысанындағы мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерден қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

3) бөлімнің жұмысына қатысты мәселелер бойынша Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізуге, Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға және облыс әкіміне ұсыныстар дайындауға қатысуға;

4) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;

5) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге қатысуға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 Бөлімнің Міндеттері:

1) Мемлекеттік қызметтерді кешенді, объективті және сапалы көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті;

2) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті;

3) мемлекеттік қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдері мен тәртібін сақтауға міндетті;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауға;

5) қоғамдық тыңдаулар өткізуге қатысуға;

6) Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларға әдістемелік және ақпараттық көмек көрсетуге міндетті;

7) материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге және құпия құжаттарға қатысты өз әрекеттерін олардың иесімен келісуге, өзіне сеніп тапсырылған мәліметтердің жария етілуіне жол бермеуге міндетті.

  1. Функциялар:

1) II, III санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде көзделген өзге де жобалау құжаттарына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсаттар беруді жүзеге асыруға құқылы.

3) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдаулар өткізуді ұйымдастыруға міндетті.

4) объектілер операторларынан мәлімделген нормалар бойынша қоршаған ортаға эмиссиялардың есептеулерін тексеруді жүргізуге міндетті.

5) жоғары тұрған және бақылаушы органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асыруға міндетті.

6) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы кәсіпорындар мен ұйымдардың есептілігін жинауды және қоршаған ортаға әсері туралы декларацияларды қабылдауды жүзеге асыруға міндетті.

7) бөлімнің қызметі туралы есептерді, жедел ақпаратты және басқа да материалдар мен анықтамаларды белгіленген мерзімде дайындауға міндетті.

  1. Экологиялық реттеу бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім заңнамалық актілермен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ мемлекеттік органның құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті уәкілеттіктерге ие.
  2. Бөлімді Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайтын және босататын басшы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы Басқарма басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Дата публикации
23 июня 2023