су ресурстары бөлімі туралы ереже

        Басқарма басшысының

  2021 жылғы  2 желтоқсандағы

  № 119 н/қ бұйрығымен  бекітілген

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ су ресурстары бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ережелер

                

  1. Су ресурстары бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Басқарма туралы ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы, штаттық құрамы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысымен бекітіледі.

        

  1. Су ресурстары бөлімінің міндеттері, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеттері:

1) құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2) бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша мүдделі тұлғалардың өтініштерін қарау және оларға түсініктеме беру;

3) Бөлімнің құзыреті шегінде соттарда Басқарманың құқықтары мен мүдделерін қорғауды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;

4) су шаруашылығы құрылыстарын тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысуға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.

  1. Функциялар:

1) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары анықталған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында қарастырылған рәсімдерге қатысады;

2) су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі қаулының жобасын әзірлейді және Қостанай облысының әкімдігіне ұсынады;

3) Қостанай облысының әкімдігіне су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен келісім бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

4) бассейндік кеңестер мен бассейндік келісімнің жұмысына қатысады, бассейндік кеңестердің қарауына су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөнінде ұсыныстар енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды;

6) су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі, оның ішінде су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

7) тиісті аумақтардағы су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;

8) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін әзірлейді;

9) Бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. Су ресурстары бөлімінің қызметін ұйымдастыру
  2. Бөлім заңнамалық актілермен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ мемлекеттік органның құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті уәкілеттіктерге ие.
  3. Бөлімді осы Ережеге, лауазымдық нұсқаулықтарға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысты ұйымдастыратын бөлім басшысы басқарады және Басқарма басшысына және оның орынбасарына бағынады.
  4. Бөлім мамандары арасында міндеттерді бөлуді Бөлім басшысы жүргізеді.
  5. Бөлімнің барлық жұмысы Басқарманың барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл негізінде құрылады.
Дата публикации
20 июня 2023