Басқарма басшысының
2021 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 119 н/қ бұйрығымен бекітілген
Қоршаған ортаны қорғау және коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларды жоспарлау бөлігінде жергілікті деңгейде мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру;
5.1 Бөлім құқықтары:
1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
2) Бөлімнің құзыреті шегінде соттарда Басқарманың құқықтары мен мүдделерін қорғауды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;
3) бөлімнің жұмысына қатысты мәселелер бойынша Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізуге, Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға және облыс әкіміне ұсыныстар дайындауға қатысуға;
4) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
5.2 Бөлімнің міндеттері:
- Қазақстан Республикасының экологиялық және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
1) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және оларды іске асыруға қатысады;
2) коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптарды орындау бойынша жергілікті деңгейде жұмысты ұйымдастырады.
3) Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;
4) экологиялық ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастырады;
5) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептерді, анықтамалық, ақпараттық және талдамалық жазбаларды дайындайды және мемлекеттік органдарға ұсынады;
6) Бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3.Табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімінің қызметін ұйымдастыру